Басты жаңалықтар

Облыс әкімі азаматтарды қабылдады

Сейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин​ Аmanat партиясының облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында өңір тұрғындарын қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

​Ақтөбеліктер өңір басшысына тұрғын үймен қамтамасыз ету, апатты жағдайдағы баспанасына күрделі жөндеу жүргізу,  қаңғыбас иттерді аулау, денсаулық сақтауға  қатысты және т.б.​ сұрақтары бойынша жүгінді.​

Азаматтардың барлық бағыттағы сұрақтарын мұқият тыңдап шыққан Оңдасын Оразалин тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына мәселені​ заң аясында шешуді​ тапсырды.​

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button