Спорт

Спорт саңлақтары марапатталды

Тамыздың үшінші жексенбісі — Спорт күні. Атаулы күнді кеше ақтөбеліктер Триатлон саябағында атап өтті. 

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен мерекелік шараға ҚР еңбек сіңірген денешынықтыру және спорт қызметкерлері мен атақты спортшылар, денешынықтыру және спорт саласының ардагерлері шақырылды.

Бұл күні саябаққа жиналғандар әуелі федерациялар, клубтар және балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жетістіктерінен жасақталған көрмемен танысып, Әлем, Азия және Қазақстан чемпиондары мен жүлдегерлерімен, Олимпиада және Сурдлимпиада, Паралимпиада ойындарының қатысушыларымен кездесіп, естелік суретке түсті.

Саябақтағы арканың сол жағында гроссмейстерлер шахмат ойнаудан, спорт шеберлері тоғызқұмалақ пен дойбыдан шеберлік сыныптарын өткізді. Тіпті шахматтан хабары бар ақтөбеліктер мықтылармен бір партия ойнауға мүмкіндік алды.

Жиналған тұрғындардың бір бөлігі боз кілем үстінде белдескен палуандардың күресіне жанкүйер болса, тағы бір тобы шығыс жекпе-жегін, гір көтеру мен ауыр атлетика спортын тамашалады.

Мерекелік шараға арнайы қатысқан облыс әкімі Оңдасын Оразалин облыс тұрғындарын Спорт күнімен құттықтап, денешынықтыру және спорт саласының белсенділерін Алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақМәдениет және спорт министрінің де Алғыс хаттары мен төсбелгілерінтабыстады. Облыстық дене- шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров бірнеше спортшыға «Облыста спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгілерін тапсырды.

Марапат соңы мерекелік концертке жалғасты.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

(Толығырақ газетіміздің алдағы санында).

Басқа жаңалықтар

Back to top button