Ауыл

Фермерлер техника сатып алды

Мұғалжар

Мемлекет тарапынан көрсетілген қомақты қолдаулардың арқасында аудандағы шаруа қожалықтарының техникалары жаңарып, шаруалары оңға басып келеді.

Биыл аудан фермерлері «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының облыстық филиалы арқылы ауыл шаруашылығына қажетті 67 техника сатып алды. Оның 29-ы— трактор, 38-і— мал азығын дайындауға арналған арнайы техника.
Аудандағы «Шоман», «Береке», «Сәтжол», «Мейіржан» секілді және тағы басқа барлығы 29 шаруа қожалығы жаңа техникаларға ие болды.
Қожалық иелеріне үкімет тарапынан шығын құнының 25 пайызын субсидиялау арқылы техника сатып алуға көмек көрсетіліп отыр. Сонымен қатар қожалық иелеріне облыстық әкімдіктің қолдауымен ауыл шаруашылығы техникаларының шығындарын өтеу үшін қосымша 10 пайыз субсидия бөлінді.

 Жандос АЙТЖАН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button