Басты жаңалықтарСпорт

«Ақтөбе» футбол клубына — 55 жыл!

Жексенбі күні еліміздегі ең танымал футбол клубтарының бірі «Ақтөбе» 55 жылдығын атап өтті. Жарты ғасырдан астам уақыт ішінде футбол клубы Қазақстанның бес дүркін, бірінші лиганың екі дүркін, Қазақстан Республикасы Суперкубогының үш дүркін жеңімпазы және Қазақстан кубогының иегері атанды. Клуб өз жетістіктерімен қатар, ең белсенді жанкүйерлерімен де мақтана алады.

Туған күнінде «Ақтөбе» Қазақстан чемпионатының 13-ші туры аясында шымкенттік «Ордабасы» командасымен кездесті. Қобыланды батыр атындағы стадионда өткен ойын3:1 есебімен ақтөбеліктердің пайдасына шешілді.

Футболшылар мен жанкүйерлерді мерейтойымен құттықтаған облыс әкімі Оңдасын Оразалин:

«Ақтөбе» өз тарихында көп нәрсені басынан өткерді. Қаржылық қиындықтар, бірінші лигаға өтуі команданың даңқ шыңына қайта оралуына кедергі болмады. 2020 жылы «Ақтөбе» Премьер-лигаға қайта оралып, биыл турнир кестесінің бірінші сатысында шықты. Қазақстанның бес дүркін чемпионы болған клубтың алдына қойған мақсаттары айқын. Алдағы уақытта команданың  чемпиондық кубокты қайтарып, жанкүйерлерін қуанта беруіне тілектеспін, — деді.

Сондай-ақ ол өңірімізде футболды, оның ішінде жасөспірімдер футболын дамытуға алдағы уақытта да ерекше көңіл бөлінетінін баса айтты.

Шара барысында облыс әкімі барлық аудандардағы футбол секцияларына қатысатын 450 балаға жаңа форма табыс етті.

Стадиондағы шара шоу-бағдарламаға ұласып, отшашумен аяқталды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button