Ауыл

Пандус керек

Алға

Алғадағы көптеген кәсіпкерлік нысандарында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кіріп-шығуына жағдай жасалмаған.

Заңда қоғаммен етене араласу үшін мүмкіндігі шектеулі жандарғабасқалармен тең жағдай жасау керектігі тайға таңба басқандай белгіленген. Алайдакейбір қоғамдық орындарда пандустардың жоқтығы мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалысына қиындық тудыратыны түсінікті.

Осыған байланысты қалалық әкімдікке, басқа да орындарға өтініш білдірушілер бар. Алға қаласы әкімдігі берген ақпаратқа сай, сол өтініштерге байланысты. Алғада орналасқан әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарға еркін кіре алатындай жағдай жасау мақсатында мониторингтік топ түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Расында, тексеру барысында нысандардың көпшілігінде пандустар қарастырылмағаны анықталды. Тіпті бар болғанның өзінде, талапқа сай келмейтіндері кездесті.

Осыған орай жұмысшы топ заң аясындағы талаптарды ескере отырып, мүгедектердің кедергісіз жылжуына мүмкіндіктер қарастырылуы қажет екені туралы тұрғындар арасында түсіндірме жұмысын жүргізді.

Мәдина БОЛАТБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button