Ауыл

Баба рухына тағзым етті

Байғанин

Байғанин ауданы Миялы ауылында Лабақ атаның 400 жылдығына арналған шара өтті. Оған өзге облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және Қарақалпақстан елінен атаның ұрпақтары қатысты.
Екі күнге созылған шара Миялы ауылынан 30 шақырым жердегі Лабақ атаның кесенесіне тағзым етуден басталды. Ұрпақтары 90 күнде тұрғызған кесене басында ас беріліп, құран оқылды. Кейіннен ауыл орталығында 15  киіз үй тігіліп, меймандарға ас берілді.
Сондай-ақ жыршы-термешілер сахна төрінде өз өнерлерін көрсетті. Олардың қатарында Жайлау Асылханов, Құрманғазы Асылханов, Өсербай Сәрсенбайұлы, Бейсенбек Төлеубаев, т.б. бар. Артынша Лабақ атаның асын беруге атсалысқан бір топ азаматқа «Labaq, Asau Baraq Alash Qazaq» қоғамдық қорының төрағасы атынан «Лабақ атаның туғанына 400 жыл» мерекелік медалі табысталды.

Спорттық шаралар да ұйымдастырылды. Аудан тұрғындары және қонақтар арасында гір көтеру, қошқар көтеру, қол күрес, арқан тартыс, бота палуан мен қазақ күресінен сайыстар өтті. Және аламан бәйгеге де кезек беріліп, 1 миллион теңге тігілген тартыста құлсарылықтар оза шапты.

Айта кетейік, Лабақ атаның 400 жылдығына арналған шаралар аясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәміл Әбілтайдыңжаңа күйі көпшілікке алғаш рет ұсынылды.

Айәли АЙБЕК.

Байғанин ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button