Ауыл

Қобдада қарбыз пісті

Қобда

Қобда ауданындағы «Көк-Бухта» шаруа қожалығы биыл 6 гектар жерге қарбыз екті.

Бүгінде қарбыздың алды пісіп, облыс орталығындағы «Табыс», «Алтай» базарлары мен 41-разъездегі көтерме базарғакелісі 90 теңгеден жөнелтіліп жатыр. Шаруа қожалығының басшысы Бекмұрат Шабаровтың айтуынша, биыл бірінші рет бақша салынғанына қарамастан, жақсы өнім алынады, яғни 600 тонна қарбыз жиналады деп күтіліп отыр.

Шаруашылық қарбыздан басқа да бақша дақылдарын егіпті. Мысалы, кәді, қияр мен қызанақ, т.б. көкөніс түрлері егілген. Бақшаның жалпы ауданы 14 гектар болады, алқапта тамшылатып суару әдісі қолданылады.

— Бақша егуден тәжірибеміз аз болғандықтан, облыс орталығында осы іспен біраз уақыттан бері айналысып, көкөніс өсіріп келе жатқан әріптесім Василий Степаненконың ақыл-кеңесіне сүйендік, — деді шаруашылық басшысы.

Бақша өнімдерін жинауға жергілікті тұрғындар да шақырылады, оларға күніне 3 мың теңге көлемінде еңбекақы төленеді.

Жалпы, ауданда бақшалық жер көлемі артқан: өткен жылы 46 гектарға қауын-қарбыз егілген болса, биылғы көрсеткіш 75 гектар екен. Сондай-ақ биыл шаруалар 151 гектар жерге картоп, 82 гектарға түрлі көкөніс еккен.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button