Ауыл

Жаңатұрмыста кешенді блок-модулі орнатылды

Мұғалжар

Мұғалжар ауданы әкімі А.Шериязданов мен Қ.Жұбанов ауылдық округінің әкімі 150-ден астам тұрғыны бар Жаңатұрмыс ауылында есептік кездесу өткізді.

Кездесу барысында әкімдер биылғы жартыжылдықта атқарылған жұмыстар туралы баяндады.Бүгінгі таңда Жаңатұрмыс ауылында үш сүзгісі бар (химиялық, физикалық, гидрокарбонаттық) кешенді блок модулі орнатылып, тұрғындар сүзгіден өткен таза су ішіп отыр.

Ауылға газ тарту үшін былтыр Жұрыннан Қаракөлге жеткізуші газ құбыры тартылып жатқан кезде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан әкімі мердігермен келісіп, қосылу нүктесін қалдыртып кетті.

Сол жерден Жаңатұрмысқа 7 шақырымдық жеткізуші газ құбырын және 29 үйге, мектеп пен клубқа ауылішілік газ жүйесін тартуға жоба дайындалды. Тамыз-қыркүйек айында мемлекеттік сараптамадан өткен соң, келесі жылы құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін қаражат сұралады.

Жаңатұрмыс негізгі мектебін күрделі жөндеу мақсатында жоба дайындалды. Жоба құны — 52 миллион теңге. Қазіргі таңда облыстық экономика басқармасына бөджеттік өтінім берілді.Жаңатұрмыс медициналық пунктіне де ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сәуір айындағы кездесуде аудан әкімінің жеке қабылдауындаекі ауыл тұрғыны шабындық жер сұраған болатын. Сол мәселе қанағаттандырылды.

Өткен жылы Қ.Жұбанов ауылдық округіне мал жайылымын кеңейту мақсатында жалпы 6448 гектар босалқы жер қосылды, соның 5 019 гектары— Жаңатұрмыс ауылына тиесілі.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан малға сырға салу және екпе жасау бойынша сұрақтар қойылып, аудандық ветеринариялық стансасының басшысы Қызметкерлері жауап берді.

Айдана АЛТЫБАЕВА,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button