Ауыл

Көшелер жарықтандырылады

Хромтау

Биыл ауданда көшелерді жарықтандыру  бойынша 4 ірі жоба қолға алынған.  Хромтау қаласындағы 6 көше мен Дөң ауылының негізгі көшесін жарықтандыру жұмыстары аяқталып қалды. Сондай-ақ Ақжар, Бөгетсай ауылдарының көшелері де назардан тыс қалмайды. Бұл туралы аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Есет Мұхаметқали айтты.

Оның айтуынша,қазіргі таңда мердігерлер анықталып, Дөң, Жазық, Абай, Майтөбе ауылдарында су құбырларын салу, қайта жаңғырту жұмыстары басталып жатыр.

Биыл ауданымыздағы біраз жол жаңаруда. Мәселен, Құдықсай-Қопа бағытында 40 шақырым жол жөнделіп жатыр. Никельтау ауылының жолдарына 2,7 км асфальт-бетон төселсе, Қызылсу ауылының кіреберісіндегі 11 шақырым жолға орта жөндеу, көпірге құрылыс-монтаж жұмыстары жасалуда.Тасөткел ауылының 14 шақырым жолын орташа жөндеуден өткізу аяқталған. Хромтау қаласында Окраина, Оспанова, Бекешова, ағайынды Жұбановтар көшелері қайта қалпына келтіріліп жатыр.

Жанел НҰРБОЛАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button