Ауыл

Мал басы артып келеді

Шалқар

Жыл басынан бері Шалқар ауданында 1253 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 1125 жаңа жұмыс орны ашылған. Бұл туралы аудан әкімі  Жанболат Жидеханов тұрғындармен кездесу барысында айтты.

Ауданда 2832 шағын және орта кәсіп субьектісі тіркелген. Бүгінгі таңда оның 2666-сы жұмыс жасап тұр. Аталған салада 3 жарым мың шалқарлық еңбек етуде.

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша 90 жоба жоспарланып, қазіргі таңда 75,5 млн теңгенің 11 жобасы жүзеге асырылған. Кездесу барысында ауданда халық тұтынатын азық-түліктің және дәрі-дәрмектің бағалары облыс бойынша орташа деңгейде, қаладағы азық-түлік дүкендері жанындағы қоймаларда аудан халқына қажетті азық-түліктің жеткілікті қоры бар екені айтылды.

Аудан әкімінің айтуынша, жыл сайын мал басы мен одан өндірілген өнім көлемі де артып келеді.

— Жыл басынан бері «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде аудан  шаруалары 434 мүйізді ірі қара, 1342 қой сатып алған. Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту бойынша 14 трактор және 36 мал азығын дайындау техникаларын сатып алу тапсырмасы берілсе, бүгінгі күні 7 трактор, 19 басқа да техника сатып алынды, — деді ол.

Жаңақоныс, Есет Көтібарұлы, Айшуақ, Бозой, Шалқар, Шетырғыз ауылдық округтерінің орталықтарында және елді мекендерде өткен кездесуден соң аудан әкімі мен бөлім басшылары, аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары тұрғындарды жеке қабылдап, сұрақтарына жауап берді.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ,

 Шалқар ауданы.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button