Мереке

Құрметті Отан қорғаушылар!

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты сіздерді Шекарашылар күнімен және шекара әскерлерінің құрылғанына 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтайды!

1992 жылдың 18 тамызында ел Президенті шекара әскерлерін құру туралы Жарлық шығарды. Міне, үш онжылдық бойы біздің еркін және тәуелсіз Қазақстан шекарашылардың шексіз және батыл қызметінің арқасында өз шекаралары мен аумақтық тұтастығын сенімді қорғап келеді.

Біздің Отанымыздың шебін қорғаушылардың мойнында аса жауапты міндет тұр. Бүгінгі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі — заманауи, жоғары технологиялық қорғаныс қару-жарақтарымен жарақтандырылған, халықаралық терроризм мен экстремизмнен, заңсыз көші-қоннан сенімді қорғайтын тосқауыл.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізде еңбектеріңізге табыс, бақыт пен амандық тілейміз!

А.НҰҒМАНОВ,
Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button