Ауыл

Саяхатшы Әйтеке би ауданына келді

  • Әйтеке би

72 жастағы саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов Қарағанды ​​облысының Ұлытау ауылынан Әйтеке би ауданына жаяу жүріп келді.

Биыл 31 наурыз күні Ұлытаудан жолға шыққан саяхатшыны аудан тұрғындары мен жастар құшақ жая қарсы алды. Бұған дейін ол еліміздің Нұр-Сұлтан, Жезқазған, Қызылорда, Шымкент, Алматы, Павлодар, Қостанай секілді қалаларында болған. Ақсақал жол бойы қымыз ішіп, әлденіп алады екен. Ұзақ сапары үшін қажеттінің бәрі арбасында бар. Арасында шатырын тігіп, демалады.

— Менің үш мақсатым бар. Туған жерім Ұлытаудың тарихи-мәдени мұрасын насихаттау, қазақстандық қолөнершілердің тізімін жасау және қымыздың пайдалы қасиеттеріне жұртшылықтың назарын аудару. Жалпы еліміздің 18 өңірін аралауды жоспарлап отырмын, — дейді саяхатшы.

Сәрсенбай ата өз кезегінде аудан тұрғындарының қонақжайлылығына ризашылығын білдіріп, қызықты оқиғаларымен бөлісті, жастарға ақ батасын берді.

Күніне 40 шақырым жаяу жүретін саяхатшы сапарын қазан-қараша айларында аяқтауды жоспарлап отыр.

А.БОЛАТБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button