Басты жаңалықтарЖаңалықтар

«Baqytty bala» — облыстың мәдени брендіне айналған фестиваль

Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келген Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев пен облыс әкімі Оңдасын Оразалин Балалар жылына орайластырылған «Baqytty Bala -2022» төртінші ашық халықаралық балалар вокал фестивалі-байқауының қатысушыларымен кездесті.

«Baqytty Bala» байқауы 2018 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатыр. Өткен жылдардың жеңімпаздары мен қатысушылары Димаш Құдайбергеннің жеке концерттері аясында, оның ішінде Лондон мен Нью-Йоркте бір сахнада өнер көрсетуге бірегей мүмкіндік алды. Биыл байқауға қаысуға Ресей, Өзбекстан, Түркия, Украина, Польша, Испания, Румыния, Әзірбайжан, Армения, Болгария, Африка елдері мен Қазақстанның барлық қалаларынан 200-ден астам жас вокалист өтініш білдірген. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша финалға 21 өнерпаз шықты.

Бұл күндері олар Ақтөбе қаласының бас сахнасы «Өнер орталығының» концерт залында байқаудың гран-при жүлдесін сарапқа салуда. Қатысушылар екі шығарманы — ана тіліндегі әнді және әлемдік хит немесе авторлық әнді орындауы керек.

«Baqytty Bala-2022» байқауының қорытындысы 13 тамызда өтетін гала-концертте белгілі болады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button