Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

  • Мереке

Елімізде тамыз айының екінші жексенбісінде Құрылысшылар күні аталып өтіледі. Осыған орай облыс әкімі Оңдасын Оразалин құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жоғары нәтижеге қол жеткізген сала мамандарын «Құрметті құрылысшы» және «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерін, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қ.Өскенбаевтың Алғыс хаттары мен басқа да марапаттарды табыс етті.

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері Ақтөбе облысында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп келе жатыр. Облыс орталығындағы құрылысы 2013 жылы басталған  Есет батыр тұрғын үй алабында бүгінде 11 мыңға жуық отбасы баспанамен қамтылды. Қазіргі таңда Батыс-2 және Батыс-3 ықшам аудандарының құрылысы қарқынды жалғасуда. Қала аумағында Бауырластар, Рауан, Ақжар, Ақшат, Жаңақоныс және басқа да тұрғын үй алаптары салынып жатыр.

Соңғы үш жылда облыста 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй құрылысы жүргізілді.  Өте жоғары көрсеткіш. Бұл өңірдің елімізде тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша республикалық маңызы бар қалалардан кейін 4-орынды иеленгендігін білдіреді. Атап айтқанда, соңғы үш жылда облыс бойынша 3,2 миллион шаршы метр тұрғын үй (немесе 22,1 мың пәтер) пайдалануға берілді. Тұрғындар үшін жаңа мектептер, ауруханалар, спорттық және мәдени нысандар салынды. Бүгін біз барша құрылысшыларға ел мен қоғам игілігі жолындағы қажырлы еңбектері үшін алғысымызды білдіреміз, — деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Сонымен қатар шара барысында облыс әкімі «Нектар» ӨК басшысы Шамиль Каспрановты 75 жасымен құттықтап, Алғыс хат табыстады және қазақи дәстүрге сай иығына шапан жапты.

2022 жылдың жеті ай қорытындысына сәйкес, барлық қаржыландыру есебінен облыс бойынша 426,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда — 102,7 пайыз. Жыл соңына дейін аталған көрсеткішті 1251 мың шаршы метрге дейін жеткізу жоспарланған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button