Жаңалықтар

Қыстың қамын жазда ойла!

  • Жылыту маусымы

Ақтөбе қаласында күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық шаралары басталды.  «Aqtobe su-energy group» АҚ көп қабатты үйлерде, жеке тұрған ғимараттардағы пәтер иелеріне, сондай-ақ оларға қызмет көрсететін компанияларға алдағы қысқа дайындық бойынша іс-шараларды алдын ала өткізу қажеттігін еске салады.

Жылыту маусымына дайындыққа әрбір тұрғын жауапты қарап, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізілсе, қыс мезгілінде тұрғындарда ешқандай қиындық туындамайды.

Егер үйге қызмет көрсетуші кәсіпорындар болмаса, алдағы қыс маусымына дайындық бойынша жұмыстарды жүргізу шаруасын тұрғын үй иелерінің мүдделерін білдіретін бастамашыл топ өз мойнына ала алады.

Мәселелер туындаған жағдайда кәсіпорынның өндірістік-техникалық бөліміне  мына телефон номері арқылы хабарласу қажет: 74-17-95 (мекенжайы: Сәңкібай батыр даңғылы, 24г).

Жылыту маусымына дайындалу ережелері:

* Абоненттердің пәтерлерінде және үйдің жертөлесінде жылу тұтыну жүйесін тиісті жағдайға келтіру;

* Жылу тұтыну жүйесін, ыссы сумен жабдықтау тораптарын, бекітпе-реттеуішті арматураны, элеватор тораптарын жөндеп, тексеру;

* Ыстық судың температурасын реттеуіштерді қалпына келтіру;

* Жылу тасымалдағыштың параметрлерін өлшеу үшін жылу торабын гильзалармен және жалғауыштармен жабдықтау, «Aqtobe su-energy group» АҚ өкілінің қатысуымен есепті дросселдік құрылғыны қою;

* Лайұстарды тазартып, жылу торабын бояу;

* Бақылау-өлшеу құралдарын тексеру аралығы мерзіміне сәйкес тексерістен өткізу;

* Жылу трассасының арна кірмелерін тығыз бекіту және жер асты газ құбырлары мен жылу трассалары қиылысатын жерасты арналарда газ жиналуын тексеру үшін  олардағы бақылау түтіктерін қалпына келтіру (СНжЕ талаптарына сәйкес);

* Жылумен және ыстық сумен жабдықтау өткізу құбырларының гидро оқшаулауы мен жылу оқшаулауын қалпына келтіру;

* Ғимаратта жылуды сақтау шараларын орындау (шатыр, жертөле, есік, терезелерді әйнектеу, т.с.с.);

* «Aqtobe su-energy group» АҚ келісімінсіз жылумен жабдықтау сызбасын және құбырлар диаметрін өзгертуге тыйым салынады.

Қызмет көрсетуші кәсіпорындар үшін: алдағы жылыту кезеңіне дайын екенін нақтылайтын құжат алу үшін «Аqtobe su-energy group» АҚ өкілінің қатысуымен пневмогидравликалық қысым арқылы сынақ жұмыстары және жылу жүйесі мен жылу желілерін шаю жұмыстары жүргізілуі керек.

Бәрімізге ортақ шаруаға жанашырлық танытып, бірігіп жұмыс атқарсақ, қыста қиындықтар болмайтынын ұмытпаңыздар.

Айтбай ДАУЫЛБАЕВ,
«Aqtobe su-energy group» АҚ бас инженері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button