Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Облыста бір жарым жылға жететін жем-шөп қоры дайындалады

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткізілген жиында жем-шөп дайындау мәселесі көтерілді. Оған бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері бейнебайланыс арқылы қатысты.

Өңір басшысы жем-шөп дайындау, қажет қорды жинау жұмыстарын жандандыру қажеттігін айтты. Биыл облыс бойынша барлығы 2,7 млн тонна шөп қоры дайындалады, бұл шамамен бір жарым жылға жетеді. Бүгінге дейін жоспарланған көлемнің 80 пайызы дайындалған.

Оңдасын Оразалин жем-шөптің халыққа қолжетімді бағада сатылуын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. Осы мақсатта аудан орталықтары мен елді мекендерде арнайы жәрмеңкелер ұйымдастырылатын болады.

Бұған қоса өңір басшысы Ақтөбе қаласы мен облыс аудандары әкімдеріне, құзырлы мемлекеттік органдарға астық жинау науқаны мен жылыту маусымына дайындықты ерекше бақылауда ұстауды нықтады. Атап айтқанда, әлеуметтік нысандарға көмір сатып алу, тұрғындарды қамту шараларын іске асыру тапсырылды.

Сондай-ақ сейсенбі күні облыс әкімі «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Дәулет Оспановты қабылдады. Кездесу барысында әскерилерді материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету, т.б. мәселелер талқыланды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button