Жаңалықтар

Жабайы сауда қашан «жойылады»?

  • Редакцияга хат                                                          Байланыс телефоны: 8-7132-55-11-11.

Сұрақ:

Қазір Ақтөбе қаласындағы Орталық базар маңында жабайы сауда қызып жатыр. Жабайы саудамен айналысатындар салық төлемейді, сатып отырған өнімінің сапасына жауап бермейді, бізге кедергі келтіреді, клиенттерімізді «алып» кетеді. Осындай заңсыз сауда иелеріне құқық қорғау органдары неге шара қолданбайды?

Гүлнәр Таңатарова,
«Апельсин» павильонының сатушысы.
Ақтөбе қаласы.

Редакциядан:

Бұл сауалға облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов былай деп жауап берді:

— Белгіленген орындардан тыс сауда жасау, сондай-ақ құқықбұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында Ақтөбе қаласы полиция басқармасы Алматы ауданы №3 қалалық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері абаттандыру ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында Уәлиханов, Ахтанов және Шернияз көшелерінде, Орталық базар аумағында күнделікті патрульдеу жұмыстарын жүргізеді.

Биыл қаңтардан бастап ҚР ӘҚБК-нің 204-бабы «Белгіленген жерлерден тыс сауда жасау» бойынша 129, ҚР ӘҚБК-нің 505-бабы «Ақтөбе қаласын абаттандыру қағидаларын бұзу» бойынша 206, ҚР ӘҚБК-нің 449-бабы «Қоғамдық орындарда тиісу» бойынша 231 және ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы «Жалпы пайдалану орындарын ластау» бойынша 89 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға ескерту және айыппұл түріндегі әкімшілік жазалау шаралары қабылданды.

Тұрғындар барлық сұрақтар бойынша Ақтөбе қаласы Уәлиханов көшесі, 31 мекенжайында орналасқан Ақтөбе қаласы полиция басқармасы Алматы ауданының №3 қалалық полиция бөлімінің №16 учаскелік полиция пунктіне жолығуға немесе 8-7132-21-03-27, 8-7132-72-98-02 (кезекші бөлім), 102 нөміріне хабарласуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button