Жастар

Мұғалжарда жастар форумы өтті

  • Форум

Amanat партиясы Мұғалжар аудандық филиалы аудандық жастар ресурстық орталығымен бірлесіп жастар форумын өткізді.

Шараның ұйымдастырылуына Ақмола облысы, Зеренді ауылында өткен «Жастар рухы» жастар қанатының кезектен тыс VI съезі түрткі болды. Аталған съезге облыстан 12 делегат қатысты. Республика бойынша 350-ден астам жастың басын қосқан шарада «Jas Otan» аталып келген ұйымның атауы «Жастар рухы» болып өзгертілді.

Кербез сұлу Көкшенің етегіне жиналған жалынды жастар Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бейнеүндеуін тыңдады. Президентіміз жаңа Қазақстан идеясын жүзеге асыруда жастардың рөлін атап, бүгінгі ұрпаққа артылар жауапкершіліктің жүгі ауыр екендігін және жастарға сенетінін жеткізді.

Еркін форматта ұйымдастырылған Мұғалжардағы жастар форумы Қаракөл ауылы маңындағы орманды алқапта өтті. Қала мен ауыл жастары жиналған үлкен жиынға «Жастар рухы» жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы Әнуар Искарин, облыстық ішкі саясат басқармасының жастармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы Мәди Кемешов қатысты. Олар форумға қатысқандарға өңірдегі жастармен атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, мемлекет тарапынан беріліп жатқан мүмкіндіктер мен оған қол жеткізудің жолдарын түсіндірді.

Әнуар Искарин Мемлекет басшысының жастарға жолдаған үндеуіндегі адал еңбек, білім, патриотизм туралы тағылымды тұжырымдамасы жөнінде әңгімелеп, жастар қанатының жүзеге асырып жатқан жобалары жайлы айтып берді.

Шара барысында Мұғалжар аудандық мәслихатының депутаттары Алмат Сматов пен Наурызбек Сарбасов съезде алған әсерлерімен бөлісті.

Форум бағдарламасына сәйкес, жастар командаға бөлініп, спорттық жарыстарға қатысты.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button