Білім

Балдырған

Көктем

Шуақты шақ

Маған мезгілдердің ішінде ең ұнайтыны — көктем. Көктем десе, ерекше бір күйге түсіп, жадырап сала беремін. Көктемде жер-дүние көкпеңбек болып, ағаштар бүр жарып, құстар да жылы жақтардан оралып, айналаны әсем үндер кернеп кетеді. Адамзат та, жан-жануар да шаттық күйін кешкендей мәре-сәре болып жатады. Осы көріністер мен үшін тамаша бір ертегі әлемі тәрізді.

Адамзат баласы үшін төрт мезгілдің де ерекше қымбат екені белгілі. «Еңбек ет те, міндет қыл» дегендей, осы мезгілдер арқылы адам өмірі еңбектенумен алға жылжып бара жатқан жоқ па?

Әр мезгілдің таусылмас қызығы мен қиындығы бар. Ал көктем мезгілі менің жаныма ерекше нұр беріп, шуақ төгетін сияқты. Мен әрдайым көктемді асыға күтемін…

Биханым ҰНАНОВА,

І.Үргенішбаев атындағы орта мектептің 5-сынып оқушысы.

Шалқар қаласы.

Қаһарлы қыстың аязы мен бораны қармен бірге ағып кетті. Қыс бойы ақ көрпе жамылып жатқан жер кең тыныстады. Күн шуағын шашып, жерге нұрын төгіп тұр. Ауа тазарып, дала гүлденіп, тамылжып тұрар күндер де жақындап қалды. Бірінші болып көктемнің келгенін хабарлайтын құстар да ән салар шақ таяу тұр. Бір сөзбен айтқанда, бәрі де тамаша.

Диляра БАХТИЯРОВА,

3-сынып оқушысы.

Талдысай ауылы,

Әйтеке би ауданы.

Табиғат мейірімді ана сияқты, өзіндегі барды адамға, жан-жануарға береді. Табиғаттың берер сыйы — қоршаған орта, ауа мен су. Сондықтан осы байлықты қорғауымыз қажет.

Міне, көктем келді. Мен мектеп айналасына ағаш отырғызуға өз үлесімді қосуға дайындалып отырмын. Мектеп ауласындағы ағашқа құстарға ұя жасап ілдім. Құстар — табиғаттың бір бөлшегі. Табиғатты аялап ұстайық, достар!

Ақниет АМАНГЕЛДІ,

№ 31 орта мектептің 1-сынып оқушысы.

Ақтөбе қаласы.

Оқушының өлеңі

Менің әжем

Менің әжем сүйкімді,

Мейірімін маған арнаған.

Күзетер түнде ұйқымды,

Әжемнен асқан бар ма адам?!

Камила ШАРИПОВА,

№ 32 мектеп-гимназияның 5-сынып оқушысы.

Ақтөбе қаласы.

Көктем

Көктем келді, мінеки, күннің көзі ашылып,

Нұрланады көк аспан ақша бұлттар шашылып.

Балалар да бұл кезде отырмайды үйінде,

Қосылып ап далада сайрандауға асығып.

Алтын ЖОЛДЫҒАЛИЕВА,

Шұбарши орта мектебінің 7-сынып оқушысы.

Темір ауданы.

Ұя

Қарсы аламыз көктемді,

Ұя жасап, қамданып.

Әрбір құсқа қараймыз,

«Келдің бе?» — деп таңданып.

Нұрдәулет БАСЫМБЕК,

№ 39 орта мектептің 1-сынып оқушысы.

Ақтөбе қаласы.

Өтірік өлең

Қайық қылдым суды,

Балық жылап тұрды.

Көтере алмай өзім,

Шақырып алдым пілді.

Көркемай АМЕШОВА,

4-сынып оқушысы.

Жұрын ауылы,

Мұғалжар ауданы.

.

Көкжиек

Білім де мейірленеді

Біз 7-сыныпта оқимыз. Бесінші сыныптан бастап Күлән апайымыз әдеби кітаптар оқуымызға бірден-бір себепші болды. Әр тоқсан сайын демалыста бос жүрмей, бәрімізге кітап ұсынып, кітапқа құмарлығымызды оятқан да— Күлән апай.

Бұрын оқушылар әдеби кітаптарға онша мән бермейтін. Ал биылғы екінші тоқсан басталарда  сыныбымыздың оқушылары көптеген кітаптар алып оқыды.

Ақниет Түктібаев С.Мұқановтың «Өмір мектебі», Есет Ахметбеков С.Бақбергеновтің «Қарға тамған қан», Алдаберген Өтегенов М.Мағауиннің «Көк балақ», Жазира Сабирова Ш.Айтматовтың «Ғаысрдан да ұзақ күн» романдарын оқыса, Айтұрсын Артықалиева Шәкірімнің «Өкінішті ғұмыр», Гүлнар Жанықұлова мен Айдана Қайыр Қ.Қайсеновтің « Жау тылындағы бала», Төреханов пен Нажмадинов М.Әлімбаевтың «Үлкендерден үйренем» кітаптарын оқыды.

Мен әдеби кітаптарды 5-сыныптан бастап оқып келемін. Биыл Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз», Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан», Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романдарын оқыдым.

Апай бізге: «Кітаптың пайдасы зор. Бір жағынан, оқисыңдар, екінші жағынан, тоқисыңдар», — дейді. Шынында да солай ғой. Абай атамыз «Білімге мейірленсең, білім де саған мейірленеді» деген. Біз де бір күндері кітапты жарысып оқитын күнге жетерміз деп ойлаймын.

Мен осындай сыныпта оқығаныма қуанамын. Өз сыныбымды, сыныптастарымды сыйлаймын әрі оларды мақтаныш тұтамын.

Нұрила ҚАРАБАСОВА,

Бершүгір орта мектебінің 7-сынып оқушысы.

Шалқар ауданы.

Басқа жаңалықтар

6 Comments

  1. Алмажан
    Мектебіміздің мақтанышы,
    Сыныбымыздың ар-намысы.
    Алмажандай қызымыз,
    Ғалиядай апамызды
    Қорғап шықты жобада.
    Білімді де, адал, алғыр Алмажан
    Ауданда өткен жобадан
    Бірінші орынды еншіледі.
    Обылыстық «Зерде» атты байқауда.
    Қанжығасына бірінші орынды байлады,
    Республикалық жобадан,
    Қуанышпен оралды Алмажан,
    360 баланың арасынан.
    Үшінші орынды алды Алмажан.
    Қуанды ол, қуандық біз.
    Қуанды мектеп, ұстаз баршасы.

  2. Құрметті балдырған редакциясы! Сіздерге қажымас қайрат, ұзақ өмір тілеймін.

    Сіздерге мен өз сыныбымның мақтанышы Алмажан Қадырқұлова туралы өлең жолдарымды жіберген едім, енді сол өлеңімнің балдырған газетіне шығып жарық көргенін асыға күтіп жүрмін. Сіздерден мен асыға жауап күтемін!

    І. Үргенішбаев атындағы орта мектептің 6 «А» сынып оқушысы
    Кенжеғұлова Назерке

  3. Құрметті редакция бөлімі! Сіздерден сұрайын дегенім, 4 сыныпта оқитын қызым Төлеген Шұғыланың тырнақ алды туындысы ягни өтірік өлеңін Сіздерге қалай жолдасам болады? Уақыттарыңызды бөліп оқығандарыңызға рахмет!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button