Жаңалықтар

Облыстық мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

Облыстық мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессиясы 2022 жылғы 17 тамызда сағат 10.00-ге шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:

  1. Өзіне жүктелген  функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы облыс әкімі О.С.Оразалиннің есебі туралы.

 Баяндамашы: О.С.Оразалин — облыс әкімі

  1. Облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 9 желтоқсандағы №80 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Хабарламашы: Г.Р.Сүйінтаева — экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

  1. Ақтөбе облысы бойынша үй жануарларын ұстау және серуендетудің қағидаларын бекіту туралы.
  2. Ақтөбе облысы бойынша жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын бекіту туралы.
  3. Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №84 «Ақтөбе облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Хабарламашы: Қ.І.Сәрсембай — ветеринария басқармасының басшысы.

  1. Өзге сұрақтар.

Облыстық мәслихат хатшысының м.а. С.ШЫНТАСОВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button