Ауыл

Айбын — жігіт сұлтаны

Балалар жылы аясында Мәртөк аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Саржансай ауылдық клубында «Жігіт сұлтаны — 2022» байқауы өтті.

 

Байқауға Сарыжар, Родниковка, Саржансай ауылдарынан жасөспірімдер қатысып, төрт кезең бойынша сайысқа түсті.

Әділқазылардың шешімі бойынша Саржансайлық Айбын Досан жеңімпаз атанды. Родниковка ауылының қатысушысы Ұлықбек Ниязбай екінші орынды еншілесе, Сарыжардан келген Тірек Тобжан үшінші орынға ие болды.

Жүлдегерлер Алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Селена КАЛМЕНОВА,
Саржансай ауылдық клубының меңгерушісі,
Мәртөк ауданы. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button