Жаңалықтар

Конкурс жеңімпазы — «Лидер» май құю стансасы

Облыста жеңілдікпен дизель майын жеткізушіні анықтауда сыбайлас жемқорлық тәуекеліне тосқауыл қойылды.

Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін жеңілдікпен дизель майын жеткізу өткір әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады. Жыл сайын күзгі далалық және өнім жинау жұмыстары басталар қарсаңда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі облыс әкімдіктері берген мәліметтер негізінде дизель майының қажетті мөлшерін жасақтайды. Одан кейін Энергетика министрлігі әрбір облыс үшін өнім мөлшерін, босату бағасын және мұнай өңдеуші зауытты анықтайды.

Комиссия мәжілісінің қорытындысы бойынша оператор белгіленіп, ол облысқа дизель майын жеткізуді жүзеге асырады және аудан әкімдіктері тізімі бойынша шаруашылықтарға бөледі. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арзандатылған жанармайдың дер кезінде және сапалы бөлінуі нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің баға құрылымына әсерін тигізеді.

Биылғы жылы арзандатылған жанармай жеткізуші операторының анықтауы бойынша конкурсқа қатысушылардың бірі облыстағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке объективті және ашық шешімді қамтамасыз ету бойынша алдын ала ескерту шараларын қабылдау туралы ұсыныс білдірді. Соған байланысты конкурс барынша ашық жағдайда өткізілді, оған жеңімпазды анықтау процедурасына қадағалаушы ретінде облыстық қоғамдық кеңес мүшелері тартылды.

Комиссия мәжілісінің хаттамасына сәйкес, «Лидер АЗС» ЖШС жеңімпаз деп табылды, бұл серіктестік мейлінше төменгі ұсынуы нәтижесінде 25 миллион теңге шамасында үнем жасалды.

— Біздің ЖШС бірнеше жыл қатарынан осы конкурстарға қатысып, үнемі жеңіліп келген еді, — дейді кәсіпкер. — Біз ұсынған шарттар толығымен талаптарға сәйкес келді. Бұдан басқа, Ақтөбе аумағында және аудандарда біздің 14 маю құю стансаларымыз бар. Конкурстың әділ өтуі үшін ықпал еткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке алғысымыз шексіз.

— Облысқа қажетті дизель майын жеткізу жөніндегі процедуралар аяқталды, жеткізуші анықталды. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін мейлінше тиімді жағдайлар қамтамасыз етілді. Фермерлер жеңілдікпен жанармай алу үшін қосымша өтініштер бере алады, — деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында.

Н.ДАБЫЛОВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button