Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Алдын алу жұмыстары күшейтіледі

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері онлайн түрде қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін, алайда коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткішінің артқанын айтты.

«Өткен жұмада облыс бойынша ковид жұқтырған 12 науқас тіркелсе, бүгін олардың саны 63-ке жетті. Жалпы пандемия басталғалы өңірде 44 408 жағдай тіркелді. Қазіргі таңда инфекциялық ауруханаларда 24 адам ем алып жатыр. Жан сақтау бөлімшесінде науқас жоқ», — деді ол.

Коронавирус инфекциясына қарсы егілу барысы да талқыланды. 2021 жылдың ақпан айынан бастап облысқа барлығы 1​ 207​ 720 доза вакцина жеткізілді. Бүгінгі таңда, бірінші компонентпен 442 721 адам, екінші компонентпен 435​ 592 адам егілген. Яғни, бірінші компонентпен қамту 71% құрап, нәтижесінде жоспарланған халықтың 70 пайызы толық иммунизациядан өтті. 225 682 адам​ (78%) ревакцинациядан, 22 214 адам (87%) қайта ревакцинациядан өтті.

COVID-19 коронавирус инфекциясының өсуіне байланысты облыс әкімі екпе алу қарқынын күшейту, дәрі-дәрмек қорын, құрал-жабдық, қажетті мамандарды әзірлеу бойынша нақты тапсырмалар берді.

Оңдасын Оразалин: «Егер қазір тиісті шараларды қолданбасақ, онда жағдай расымен нашарлайды. Алдын алу мәселесіне жауапкершілікпен қараңыздар. Бұдан бұрынғы жағдайдың қайталануына жол бермеуіміз керек», — деді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button