Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Облыста газ тапшылығы бар ма?

  • Өзекті

Ақтөбе қаласында сұйытылған газ тапшылығына байланысты жанармай бекеттерінде ұзын-сонар кезек пайда болды. Тіпті бірқатар газ құю стансасы қолма-қол ақшаға газ беруді тоқтатқан.

Қазіргі таңда облыс аудандарында да осындай қиындықтар кездеседі. Бұл шөп шауып жатқан шаруаларға қолбайлау болмақ.

Өңірде газ тапшылығының бар екендігін жауапты мамандар да мойындап отыр. Олардың айтуынша, бұған Павлодардағы зауыттың жөндеуге жабылуы себеп болған.

Облыс шілде айында қажетті 13 500 тонна газдың орнына 3,5 мың тонна кем алған. Қазір аталған проблеманы шешу үшін өңірдегі бір газ өңдеу кешенінен қосымша отын бөлу мәселесі қарастырылып жатыр.

— Шілде айына бөлінген мың тонна енді келіп жатыр, онда да тек теміржол бойымен жеткізілуде. Ал тамыз айына бөлінген газ мөлшері 12 141 тоннаны құрайды. Қазіргі уақытта «Qazaq oil» және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компанияларымен келісімшарттар жасалды. Алдын ала есеп бойынша 12 мың тонна осы айға жетіп қалуы мүмкін, — дейді облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нартай Сертаев.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button