Ауыл

Жолдар жөнделіп жатыр

  • Ауыл — ел бесігі

Әйтеке би ауданында былтырдан бері ауылішілік жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Өткен жылы 7 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Сондай-ақ тротуарлар мен суағарлар да салынды. Биыл да сол жұмыстар өз жалғасын табуда.
Мәселен, Темірбек Жүргенов ауылындағы ауылішілік 5 көшеге, яғни Әйтеке би, Құлымбетов, Тыңгерлер, М.Мақатаев және М.Өтемісов көшелерінің жолын орташа жөндеуге қаражат бөлінді. Қазірдің өзінде жұмыстың дені орындалып болды. Құрылыс материалдарын әзірлеу, тасымалдау жайы және жол сапасын анықтау бағытында жұмыстар тұрақты бақылауда. Мердігер компания өкілінің айтуынша, тиісті қаражат бөлінген. Қажетті құрылыс материалдарын жеткізуде іркіліс жоқ.

Аудан орталығының іргесіндегі Талдысай ауылының тұрғындарын көптен бері күрежолдан ауылға кіреберіс жолдың жайы толғантып жүрген. Талай жиындарда да бұл мәселе көтеріліп келді. Биыл осы жол мәселесі шешімін тауып, тұрғындар тілегі орындалды. Талдысай ауылына кіреберіс жолдың орташа жөндеу құрылысы биыл толық аяқталмақ. Жол жөндеу жұмыстарына жалпы құны 83 миллион теңге қаражат бөлінген.

А.БОЛАТБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button