Денсаулық

Туберкулезден сақтаныңыз!

  • Денсаулық

Туберкулез — микробактериялардың әсерінен болатын инфекциялық ауру.

Адам туберкулезге шалдыққан жағдайда тек қана өкпе емес, ми, көз, кеңірдек тарамы, бүйрек, ішек, сүйек пен буындар да зардап шегеді.

Инфекцияны таратушы — өкпе туберкулезінің ашық түріне шалдыққан адам. Яғни науқас сау адамға сөйлегенде, түшкіргенде немесе жөтелгенде ауа тамшылары арқылы жұғады. Сондай-ақ ауру көп қабатты үйлерде, халық көп орналасқан орындарда, жатақханаларда, түрме камераларында, үйсіз адамдарға арналған  баспаналарда жұғу қаупі жоғары. Адамның иммунитетін әлсірететін факторлар да әсер ету мүмкін. Оларға тиімсіз және дұрыс тамақтанбау, күйзеліс, темекі мен спирт ішімдіктеріне әуестену, нашақорлыққа тәуелділік, АИТВ, қант диабеті жатады. Иммунитет нашарлаған жағдайда туберкулез өрши түседі.

Аталған дерттің клиникалық белгілері: екі аптадан аса уақыт жөтелу, әлсіреу, тез шаршау, тәбеттің нашарлауы, салмақ жоғалту, кеуде клеткаларының ауруы, қан түкіру, ұзақ уақыт дене қызуының 37,5-ке дейін көтерілуі, тершеңдік, қан аралас қақырықтың бөлінуі.

Туберкулезге шалдықпау үшін барынша салауатты өмір салтын сақтап, спортпен шұғылданған дұрыс. Сонымен қатар жеке бас гигиенасын сақтап, зиянды әдеттерден бас тарту керек. 15 жастан асқан әрбір азамат міндетті түрде жылына бір рет флюрография бақылауынан өтуі қажет.

С.ИНИСОВА,
Мұғалжар аудандық ауруханасының дәрігері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button