Жаңалықтар

Төлқұжатты қалай тез алуға болады?

  • Халыққа қызмет

Жаз мезгілі — демалыс пен саяхат кезеңі. Осыған байланысты жазда Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жеке куәлік пен төлқұжатты рәсімдеу үшін өтініш білдіретіндер саны артады.​​​​

Биылғы жылдың алты айында қазақстандықтарға 1 353 590 жеке куәлік пен төлқұжат берілген. Рәсімделген құжаттардың ең көбі маусым айында тіркелген.

Төлқұжатты алу қызметі әлі онлайн режимінде қолжетімді болмай тұр. Яғни міндетті түрде ХҚКО-ға жүгіну қажет. Оны сізге көші-қон қызметі рәсімдейді. Егер төлқұжат алу үшін бірінші рет келіп тұрсаңыз, сізге тек жеке куәлік қажет болады. Ал төлқұжатыңыздың мерзімі аяқталса, оны мерзімі аяқталғанға дейін 1-2 ай бұрын ауыстыра аласыз. Төлқұжаттың мерзімі аяқталғаннан кейін жаңа төлқұжат алу үшін өтініш білдірсеңіз, кешіктіргеніңіз үшін айыппұл қарастырылмайды. ​​​​Төлқұжат үшін мемлекеттік баж — 24 504 теңге. Қызмет көрсетудің стандартты мерзімі — 15 жұмыс күні. Алайда, қосымша төлем жасау арқылы бұл процесті жеделдетуге болады. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қаласының тұрғындары процесті осы әдіс бойынша үш күннен бір жұмыс күніне дейін қысқарта алады.

Баланың төлқұжатын рәсімдеу кезінде оның туу туралы куәлігін ұсынып, баж салығын төлеу қажет. Қызметке өтініш білдіру үшін баланың ата-анасының бірі келуі міндетті.

«Азаматтарға арналған үкімет» акционерлік қоғамының Ақтөбе облыстық филиалы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button