Жаңалықтар

20-дан астам жасқа ескерту берілді

  • Рейд

Жұма күні Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының мамандары мен еріктілері ювеналды полиция инспекторларымен бірге рейдтік іс-шара жүргізді.

Шараның мақсаты — кәмелет жасқа толмағандар мен жасөспірімдердің түнгі уақытта үлкендердің қарауынсыз көшеде жүруіне тосқауыл қою, құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау.

Рейдтік шаралар адам көп шоғырланатын орындарда жүргізілді. Атап айтсақ, мамандар Алматы, Астана аудандарындағы саябақтар мен дүкендерді, ойын-сауық орындарын аралап шықты.

Рейдтік жедел алдын алу шарасы кезінде 20-дан астам кәмелетке толмаған жас «ұсталды». Олардың барлығына түнгі сағат 23.00-ден бастап таңғы 6.00-ге дейін көшеде жүрмеу керектігі, бұл уақытта үйде болуы міндетті екендігі түсіндіріп, ескерту жасалды. Алдағы уақытта мұндай шаралар жалғасын табатын болады.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button