Ауыл

Асыланды таңдады

  • Сайлау

Қызылжар ауылдық округінде әкім сайлауы өтті. Оған ауыл тұрғындары белсене қатысты.

Бірнеше айдан бері әкімсіз отырған Қызылжар ауылдық округінде сайлау жексенбі күні өтті. Сайлауға үш үміткер қатысты.

— Сайлауда халықтың 10,4 пайызы Мұрагер Әбдірахманға, 4,3 пайызы Бақытжан Дәрменовке, 85,3 пайызы Асылан Жәнібекұлына дауыс берді. Нәтижесінде осы ауылдың түлегі, көп жылдан бері ауылдық округ әкімдігінде қызмет етіп жүрген қызметкер ауыл әкімі болып сайланды, — дейді аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Марал Сембі.

Оның айтуынша, сайлауда Асыланға 1270 сайлаушының 1086-сы дауыс берген.

Айта кету керек, бүгінде Қызылжар ауылдық округінде 2359 адам тұрады.

Д.ҚАЗИХАН,
Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button