Ауыл

Өрт сөндірушілер бильярд ойнады

  • Турнир

Темір ауданында төтенше жағдай қызметінде жұмыс істейтін жігіттер арасында ерекше турнир өтті. Бильярд ойнаудан сынға түскен мамандар бұны дәстүрге айналдырған.

Мақсат — салауатты өмір салтын насихаттау, жеке құрам арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен №16 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері арасында өткізілген дода бірінші рет өтіп тұрған жоқ.

— Қызметкерлердің бос уақытын тиімді өткізу үшін осындай шараларды жиі өткізіп тұрамыз. Әсіресе, спорттық жарыстарға басымдық береміз. Арасында зияткерлік, адамның зейінін арттыратын сайыстарды да ұйымдастырамыз. Өйткені сыни ойлау, ұтқыр амал-әдістер өрт сөндірушілерге аса қажет. Бір жағынан, бұл арадағы байланысты нығайтады, — дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Жұмабек Нұртазин.

Тартысты ойынның нәтижесі бойынша I орынды Ержігіт Шахим, II орынды Асланбек Закиров иемденсе, үздік үштікті Аспан Нұржан қорытындылады. Соңында жақсы ойын өрнегін көрсеткен бильярдшыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Алау АЙБЕК.
Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button