Мәдениет

Верониканың әлемі

  • Көрме

Жақында облыстық өнер музейінде ақтөбелік суретші Вероника Гриньконың «Шығармашылық мозаика» атты жеке көрмесінің ашылу рәсімі өтті.

Әр жылдары мектепте, университетте шәкірт тәрбиелеген қылқалам шебері —халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардың бірнеше дүркін жүлдегері. Бұған дейін қызымен бірлескен көрмесін де өткізген суретші осы жолы 40-қа жуық жұмысын көрермен қауымның назарына ұсынды. Түрлі техникаларда салынған картиналарда табиғат көріністеріне басымдық берілген. Верониканың қағаз бетіне, әсіресе, буырқанған теңізді жиі түсіргенін байқадық.

— Бұл жерге әр жылдары жарық көрген картиналарым қойылды. Олар бір-біріне ұқсамайды, түрлі жанрда салынған. Мысалы, көрмемде балалар үйінің жеткіншектері, сан алуан гүлдер, әдемі ғимараттар, басқа да бейнелерді тамашалауға болады. Арасында аэрография әдісі бойынша жасалған жұмыстарым да бар, — дейді өнер иесі.

Көрменің ашылу рәсімінде суретшінің әріптестері, ұстаздары, жанашыр достары сөз сөйлеп, игі тілегін білдірді.

Облыстық өнер музейінің қызметкері Динара Ибрашованың айтуынша, аталған көрме 7 тамызға дейін жалғасады.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button