Білім

Балдырған

Көктем

Өткел

Қылышын сүйреткен қыстың қаһарын жібітіп, ақ көрпенің тігісін сөгіп, арамызға қош келдің, Көктем!

Тіршілікке нәр беріп, бойына қан жүгіртіп, тынысын кеңейтіп, адамзат келбетіне күлкі мен қуаныш сыйлаған ғажайып құдіретіңмен тәнті еттің.

О, Көктем-Ана, бойыңдағы аруға тән сұлулығың мен анаға тән мейірімділігің ұштасқанда көңіл күйімде керемет қуатты нұрыңды төгіп, табиғаттың шаттығын тарту еттің. Мен сенің жан-дүниеңнен анамның бар болмысы мен көркін көремін. Сенің шуағыңнан анамның аяулы алақаны мен махаббатын аңғарып, бойыма сіңіремін.

Көктемім менің, қыбырлаған құмырсқадан саналы адамзатқа дейін қыстың ұзақ күнінде жадыраған жаз мезгіліне жол ашатын өткеліңді сарыла да сағына күттік. Міне, құшағыңды ашып, күлімдеп, өзің де жеттің, жүрегімді тебірентіп, жырымды ояттың. Көкірегімнен өрілген өлеңіме құлақ салшы, Көктем.

Сыпырып ап ақ көрпесін даламның,

Анасына ұқсап тұрсың ғаламның.

Сағынышты әлеміңе күлімдеп,

Қадам басқан мен де сенің балаңмын!

Сен келгенде мен қуандым, көктедім,

Қандай ғажап келбетімнен өпкенің.

Қандай ғажап салып жатқан өткелің,

Сондықтан да ақ тілегім көп менің,

Қош келдіңіз, әсем Ару-Көктемім!

Ақбаян САҒЫНБЕКОВА,

№31 орта мектептің оқушысы.

Ақтөбе қаласы.

12 сәуір — Дүниежүзілік авиация және космонавтика күні

Тылсымға тартқан жол

Адам баласы ұшақпен аспанға көтеріліп алған соң-ақ одан да әрірек ұшуды армандай бастады.

Мысалы, орыс ғалымы К.Э.Циолковский ғарышқа ұшу туралы ойларын ертерек ортаға салды. Ол ғарышқа зымыранмен көтерілу жөнінде пікір түйіп, оған қажетті двигательдің нұсқасын қағазға түсірді.

Ал Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германияда осыған ұқсас «Фау-1» және «Фау-2» зымырандары жасалды. Бірақ бұлар қалаларға бомба тастауға ғана пайдаланылды.

1945 жылдан соң ғарыш кемелерін жасау жөніндегі негізгі жұмыстар АҚШ пен КСРО-да мықтап қолға алынды. Бірақ бұлар да әуелі ядролық бомбаларды тасуға немесе тыңшылық әрекеттерге пайдаланылды.

Қалай болғанда да бұл саладағы алғашқы табысқа КСРО-ның қолы жетті. 1957 жылы 4 қазанда алғаш рет Жердің жасанды серігі ұшырылды. Сол жылдың қараша айында ұшырылған екінші Жер серігіне Лайка деген ит мінгізіліп, ол Жерді айналып шықты. 1958 жылы орбитаға алғашқы америкалық аппарат — «Зерттеуші-1» жіберілді.

Ал 1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихындағы ерекше оқиға болды. «Восток-1» кемесімен Қазақстандағы Байқоңыр айлағынан Юрий Гагарин ғарышқа көтерілді. Іле-шала, 14 мамырда тылсым әлемге америкалық ғарышкер Ален Шепарда «Меркурий» кемесімен жол тартты.

Ғарышты игерудің ең жоғары жетістігіне жеткен күн 1969 жылдың 20 шілдесі болды. АҚШ-тың «Аполлон-15» кемесі Айға үш ғарышкерді — Н.Армстроногты, Э.Олдринді және Д.Коллинзді жеткізді.

күштің пайда болғанын сезінемін. Жер бетін жасыл желекке көмкеріп, көгімнен

Шуақ

Көңілді көктем жетті. Шуақ келді. Күн ұзарып, түн қысқарды.

Енді ағаштар бүршік жарып, құстар оралады. Сансыз көкек сұңқылдап, көктемнің әнін шырқайды.

Көктем гүлімен көркем, қырға құлпырып гүлдер өседі. Шаруа қызады. Жерге дән түседі. «Көктемгі әрекет күзгі берекет» деп тегін айтылмаған.

Хош иісті гүлдер, мөлдір су, жылылық, еңбек, шалқыған көңіл, шаттық күлкі, жігер, осылардың бәрі — көктем сәні.

Ерзатхан АБДЫЖАМУЛОВ,

№4 мектептің 4-сынып оқушысы.

Шалқар қаласы.

Оқушының өлеңі

Ғарышкерлер

Көк аспанға самғаған ғарышкерлер,

Қиындықтан қайыспас намысты ерлер.

Ғаламшардың, аспанның бар түкпірін

Аспан, жұлдыз, Ай зерттеп, алысқа өрлер.

Альфара АБДУЛЛА,

№4 орта мектептің 4-сынып оқушысы.

Шалқар қаласы.

Көктем

Көктем бізге келгенде,

Жер көк түске енгенде,

Гүлдердей боп, балалар,

Құлпырыңдар сендер де!

Гүлфайруз ИНИЯТОВА,

№32 мектеп-гимназияның 5-сынып оқушысы.

Ақтөбе қаласы.

Ана

Аппақ анам, ақ анам,

Ақ сүтін беріп өсірген.

Әлдилеген аяулы үн

Кетпейді еш есімнен.

Қарағанда жаутаңдап

Сырымды ұққан көзімнен.

Қуат алам күн сайын

«Күнім» деген сөзіңнен.

Темірлан ТАЙМАҒАНБЕТ,

Мұғалжар мектеп-балабақшасының оқушысы.

Мұғалжар ауданы.

Отан

Қастерлі мекен

Арайлап атқан әрбір таң маған қуаныш әкеледі. Мен өзімнің кішкене ғана жүрегіммен Отанымның бір бөлшегі екенімді түсінемін.

Маған өз елім, өз туған жерім қастерлі. Ол — менің Отаным. Мені «Отаным маған бәрін берді, ал мен оған не бердім?» деген ой жиі мазалайды.

Шыр етіп дүние есігін ашқаннан бері мен Отанымның қамқорлығын көріп келемін. Жан-жақты білім алуым үшін барлық жағдай жасалған. Болашақта өз мамандығым бойынша мамандық алуыма ешқандай кедергі жоқ екенін де білемін. Осының бәрі қоғамның, оны басқарып отырған Елбасымның арқасы деп білемін. Басқа да құрбыларым сияқты мен де болашақта ел қамын ойлайтын азамат болғым келеді.

Гүлжібек КЕНЖЕҒАЛИЕВА,

Бершүгір орта мектебінің оқушысы.

Шалқар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button