Ауыл

Мемлекеттік бағдарлама шарапаты

  • Ауыл — ел бесігі

Әйтеке би ауданының 5 елді мекенінде «Ауыл ел — бесігі» жобасы аясында 9 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Қазір аталған аудандағы Т.Жүргенов, Қарабұтақ, Әйке, Үшқатты, Құмқұдық ауылдарында жоба аясында қызу жұмыстар жүргізілуде.

Ауылды гүлдендіруді мақсат еткен мемлекеттік бағдарламаның арқасында біздің ауданымыздың ажары арта түспек. Жолдарымыз жөнделіп, мектептеріміз жаңармақ. Мысалы, Темірбек Жүргенов ауылының 5 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Осындай жұмыстар Қарабұтақ ауылында да қолға алынуда. Сондай-ақ бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын сақтау мақсатында спорт кешендері де еңсе көтереді. Бір емес, үш ауылда — Қарабұтақ, Құмқұдық, Әйкеде ангар типті спорт кешендері салынып жатыр. Халық игілігі үшін жасалып жатқан ізгі іске аудан жұртшылығы да дән риза, — дейді Әйтеке би аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытқали.

Оның айтуынша, жоба аясында Талдысайда дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік бағдарламаның шапағатымен Әйке ауылында клуб жаңарады. Тереңсай мен Үшқаттыда білім шаңырақтары жаңаша түрге енеді.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button