Жаңалықтар

Лагердегі көңілді кеш

  • Балалар жылы

Алға ауданының азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары бірлесіп, Бестамақ ауылындағы «Күншуақ» сауықтыру лагерінде демалып жатқан балалар үшін арнайы шара ұйымдастырды.

Бұл жөнінде аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы жыл елімізде Балалар жылы болып жарияланғаны белгілі. Ауданның азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Балалар жылы аясындағы шараларға үлес қосу мақсатымен, «Күншуақ» лагерінде көңілді демалыс кешін ұйымдастыруды алдын ала жоспарлаған еді.

Алдымен балаларға өрт сөндіру автокөлігі және басқа да түрлі құрал-жабдықтар таныстырылды. Балалар мұны үлкен ықыласпен қызықтады. Одан соң мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды.

Соңынан Алға қаласындағы «Есентай» бизнес орталығының демеушілігімен барлық балаларға балмұздақтар таратылды.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button