Құқық

Алаяққа алданып қалды

  • Қылмыс

Алаяқтар Хромтау қаласының тұрғыны атынан банктен 6 млн теңгеден астам несие рәсімдеген.

Бұл туралы аудандық полиция бөліміне Хромтау қаласының 43 жастағы тұрғыны арыз жазған.

Белгілі болғандай, оған биылғы ақпан айында белгісіз біреу хабарласып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушіге шотына қауіп төніп тұрғанын айтқан. Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында алаяқ тұрғыннан оның жеке деректері мен SMS-парольдерін айтуды сұраған. Нәтижесінде жәбірленуші алаяққа алданып қалған. Бірнеше банкке несие рәсімдеген алаяқ оны база арқылы өзі төлеп тұратынын айтқан.

Жәбірленушінің айтуынша, кейін 6 млн теңгеден астам қаржыны үшінші тарап өз шотына аударылғаны белгілі болған.

— Осы жағдайға байланысты облыстық полиция департаменті алаяқтарға алданбау үшін, сондай-ақ осындай оқиғалардың алдын алу үшін ешкімге, тіпті банк қызметкеріне де жеке шоттар мен карталарға қатысты SMS-код және басқа да дербес ақпаратты айтуға болмайтындығын ескертеді. Егер операциялар кезінде күмәніңіз болса, оны растаудың қажеті жоқ, — дейді полиция қызметкерлері.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button