Құқық

«Ақпараттық сервис» қызметімен танысыңыз!

  • Прокуратура

Бүгінде халықты ақпаратпен қамту үшін ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық сервисі» қызметі жұмыс жасауда.

«Ақпараттық сервис» қызметі ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің qamqor.gov.kz ресми сайтында азаматтар үшін қолжетімді болмақ.

Мұнда «Полицияға арыз беру» бөлімінде азаматтар үйден шықпай-ақ «Ақпараттық сервистер» порталы арқылы полицияға арыз бере алады. Сондай-ақ «Ақпараттық сервис» қызметінде «Мемлекеттік органдарға жазған өз өтінішін тексеру», «Адамдардың қаза болуына немесе жаралауына әкеп соққан көлік құрылының жол-көлік оқиғасына қатысты туралы ақпарат», «Өз айыппұлдарың туралы біл», «Қылмыскерді, борышкерлерді, хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру», «Алиментшілерді іздеу», «Геокарталар», «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі жария секторы» бөлімдері, «Қылмыскерлерді, борышкерлерді, хабар-ошарсыз жоғалған адамдарды іздестіру», «Қылмыстық құқықбұзушылықтар картасы», «Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдарға өтініштерінің картасы» компоненттері бар.

Б.Жарикенов,
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі аға прокуроры.

Басқа жаңалықтар

Back to top button