Денсаулық

Маймыл шешегі қандай дерт?

  • Індет

Денсаулық сақтау саласының өкілдері бұрын тек Африка елдерінде ғана анықталып келген маймыл шешегі ауруы енді төрткүл дүниеге тарап жатқанына алаңдап отыр. Бұл вирус қаншалықты қауіпті? Одан қорғанудың жолдары қандай?

Маймыл шешегі — сирек кездесетін вирустық зоонозды ауру. Негізгі көзі — жабайы приматтар мен кеміргіштер.

Аурудың инкубациялық кезеңі 5 күннен 21 күнге дейін созылады. Маймыл шешегі вирусын жұқтырған адамның қызуы көтеріліп, тұла бойы қалтырап, ауырады. Басы айналып, құсуы мүмкін. Дерт ушықса, адамның денесі мен беті бөртіп кетеді.

Аурудың алдын алу үшін вирустың тасымалдаушысы болуы мүмкін жануарлармен байланысқа түспеңіз, тамақ дайындау кезінде де жануарлардың еті бар тағамдарға мұқият болғаныңыз дұрыс. Сондай-ақ маймыл шешегінің өршуі тіркелген Батыс Африка елдеріне барудан аулақ болыңыз (әсіресе балалармен). Шет елдерге шыққан жағдайда көшедегі сауда орындарында тамақ ішпеген жөн. Егер сапардан оралғаннан кейін 3 апта ішінде өзіңізден әлсіздік, бөртпе секілді жайсыздықтарды сезінсеңіз, жақын маңдағы медициналық ұйымға дереу хабарласыңыз.

Бүгінде елімізде маймыл шешегі вирусы тіркелген жоқ. Алайда жақында көршілес Ресей мемлекетінде аталған дертті жұқтырған бір науқас анықталды. Сондықтан барлық сақтық шараларын мұқият ұстану керек.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button