Мәдениет

Ғарифолла Құрманғалиев – 100


«АҚ ДОМБЫРА ҚОЛҒА АЛЫП…»

Жақында Ембі қалалық кітапханасы жанынан құрылған «Парасат» клубы халқымыздың біртуар әншісі Ғарифолла Құрманғалиевтің 100 жылдық мерейтойына арнап кеш ұйымдастырды. Кешке дәстүрлі әндерді насихаттап жүрген қауым мен бір топ әнші қатысты.

Басқосуда Ғ.Құрманғалиев жайында жазылған мақалаларға шолу жасалып, әншінің қазақ өнерін насихаттап жүрген өнерпаздарға арнап қалдырған естеліктерінен үзінділер оқылды.

Кеште Гүлназ Жоламанова, Базарғали Қонақов, Даража Қоспағанбетова секілді әншілер «Дариға», «Он алты қыз», «Айдай» тәрізді әндерді шырқап, қаладағы саз мектебінің оқушылары «Тепеңкөк», «Балбұлақ» атты күйлерді орындады.

Шара барысында кітапхана қызметкерлері осы жылдың 9 қаңтарында «Ақтөбе» газетінде шыққан «Ғарифолла Құрманғалиев: Өскен ортасы, оның тәрбиелік ықпалы» атты мақалаға библиографиялық шолу жасады.

Кешке қатысқан оқырмандар Ғ.Құрманғалиевтің шығармашылығына қатысты ұйымдастырылған көрмені тамашалады.

С.АҚМҰРЗАЕВА,

Ембі қаласы.

**

Шұбарши Мәдениет үйі ұжымы еліміздің өнер дүлділі, әйгілі әнші Ғарифолла Құрманғалиевтің 100 жылдығына орай «Шаршама сен, домбыра!» атты кеш ұйымдастырды.

«Жиырмасыншы ғасырдың екінші Мұхиты» – Ғ.Құрманғалиевті еске алып, ел ақсақалы А.Табынбаев құран оқыды. Мәдениет үйінің меңгерушісі А.Құбашева жұртшылыққа әншінің өмір жолы туралы әңгімелеп берді. Шара барысында кезінде Ғ.Құрманғалиевтен екі жыл дәріс алған, аталмыш шараның құрметті қонағы ретінде шақырылған зейнеткер Сұлупан Имашева ұстазы туралы естеліктер айтып, оның «Дариға-ау», «Әнші даусы» әндерін орындап берді. Мұнайлы өлкенің тұрғыны Қуатжан Баймұханов өзінің жыр жолдарын тарту етті.

Кеште Кеңқияқ орта мектебінің балғын бишілері мен ауылдағы саз мектебінің оқушысы С.Сариева көпшіліктің алдында өз өнерлерін паш етті. Шұбарши мектебінің бүлдіршіндері А.Аманкелді мен Ә.Нұржанның орындауындағы «Ағаларым», «Әнші даусы» әндерін жұртшылық жылы қабылдады.

Гауһар ТІЛЕСОВА,

Шұбарши поселкесі,

Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button