Жаңалықтар

Жаңа міндеттер жүктелді

Аңсаған ҒАЗЕЗ,
Ойыл аудандық
мәслихатының депутаты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдің алдағы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын атап өтті.
Соның ішінде инфляцияны, азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, азаматтардың табысын арттыру және адами капиталды дамыту, салықтық-бюджет саясатын жетілдіру, экономиканың нақты секторына қолдау көрсету секілді мәселелер бойынша нақты міндеттер жүктеді.
Адамзат баласының қалыпты өмір сүруіне күнделікті тұтынатын қарапайым тұрмыстық тауарлар ауадай қажет. Соның ішінде азық-түліктің бағасы қымбат болған жағдайда, тұрмыстың құты қашары анық. Бағаның өсуіне азық-түлік инфляциясы әсер етті. Оның деңгейі елімізде 19,2 пайызға жеткен. Президент инфляцияны тұрақтандыру үшін жаңа тәсіл мен идея керек екендігін айтты.
Азық-түлік бағасын тұрақтандырып, инфляция деңгейін төмендету үшін өзімізде өнім өндіруге баса назар аудару керек. Ол үшін ішкі нарықты отандық тауармен қамтамасыз ету қажет. Ал бізде, өкінішке қарай, өнімнің басым бөлігі сырттан тасымалданады. Сондықтан шетелдегі болып жатқан жағдайлар ішкі нарыққа әсер етеді. Базардағы бағаның ырыққа көнбеуінің басты себебі де — осы. Сондай-ақ ауыл аймақтарда, ірі қалаларда жол сапасы сын көтермейтіні белгілі. Осы жол мәселесін қозғап, үкіметке нақты тапсырма бергені дұрыс болды. Енді жауаптылар берілген тапсырманы орындайды деген сенімдеміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button