Жаңалықтар

Рауан көшелеріне асфальт төселеді

Қала

Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров және Алматы ауданының әкімі Абат КөбеновРауанелді мекенінің тұрғындарымен кездесті.  Кездесуге қалалық мәслихат депутаттары, қалалық бөлім басшылары қатысты.

Абат Ізімғалиұлы осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарды баяндады. Одан соң еркін микрофонға ие болған тұрғындар көктем мен күзде балшықтан жүре алмайтындарын айтып, жаяу жүргіншілер жолын төсеп беруін өтінді. Рауан елді мекенінің тұрғыны, зейнеткерГүлжаһан Сарманова  өзі тұратын Жүсіп Баласағұн көшесінде жарық жоқтығын айтса,  зейнеткер Базар Боранбаева ойын алаңдарын көбейтуге қатысты өтінішін жеткізді. Тұрғындардың тағы бірі дүкен жоқтығын айтып, қоғамдық көліктің уақыт арақашықтығын жиілетуді сұрады.

Абат Көбенов Рауанда жалпы ұзындығы 15,5 шақырым болатын автомобиль жолының құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжат дайындалып жатқанын айтты. Аталған жобада асфальт жамылғысын төсеу, көше жарықтандыру мен жаяу жүргінші жолдарын салу, аялдама пункттерін салу, суағарлар орнату, жол қауіпсіздігін ұйымдастыруға арналған іс-шаралар қамтылған. Сонымен қатарРауан тұрғын алабында «Информстройсервис» ЖШС  Ақсеңгір, Жүсіп Баласағұн, Қалқаман-Мамыр, Қабанбай батыр көшелеріне ұзындығы 2485 метр автомобиль жолын салып жатыр. Сметалық құны — 244,387,75 мың теңге.

Одан әрі тұрғындар сұрағына жауап берген Абат Ізімғалиұлы Рауан тұрғын алабын сумен қамтамасыз ету үшін құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Сондай-ақ №49 бағытта жүрген ескірген «ПАЗ» маркалы автобустардыкөпсыйымдылықты «Анкай» маркалы автобустарға ауыстыру жоспарланған.

Кездесу соңында Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров:

— Бұрын бос жатқан мына жерді жанға толтырамыз деп кім ойлапты?! Бүгінде Хромтауға шығаберіс жаңа қонысқа айналды. Көп жұмыс жүргізілді. Мәселен, осы Рауанды алайық, жаңадан салынған заманауи мектеп, амбулаториялық емхана бар. Ойын алаңдарын әр үйдің ауласына салып бере алмаймыз, әрине. Алайда, осы ауылдың өзінде 2-3 ойын алаңы бар. Біраз шаруа жасалып жатқанын көріп жүрміз. Биыл бітпеген жобалар алдағы жылы аяқталады, — деді.

Кездесуден соң қала басшысы және қалалық бөлім басшылары тұрғындарды жеке қабылдады.

 Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button