Жаңалықтар

Құрметті салық төлеушілер

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2022 жылғы 30 сәуір мен 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығында электрондық шот-фактуралардың ақпарттық жүйесі негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (және тас көмірді) қадағалау бойынша пилоттық жоба іске қосылғанын хабарлайды.
Барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізушілерге:
1. электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі esf.gov.kz порталында тіркелу;
2. электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактураларды esf.gov.kz порталында немесе тауарларды өткізу кезінде (жеке тұлғаларға бөлшек саудада өткізуді қоспағанда) ЭШФ АЖ мобильдік қосымшасында жазып беру;
3. ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде, оның ішінде жеке тұлғаларға бөлшек саудада өткізу кезінде бақылау-касса машинасының чегін ұсыну қажет.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мыналар жатады:

ақ қант– құмшекер күнбағыс майы
бірінші сортты бидай ұны тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілігі)
бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді) сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)
рожки (өлшеніп салынатын) майлылығы 2,5% жұмсақ қаптамадағы сүт
қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын) майлылығы 2,5% жұмсақ қаптамадағы айран
тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын) сары май (тұздалмаған, майлылығы 72,5 %-дан кем емес, толтырғыштар мен өсімдік майлары жоқ)
картоп
сәбіз тауық жұмыртқасы (I санатты)
басты пияз ас тұзы
ақ қауданды қырыққабат сүзбе: майлылығы 5 – 9 %

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде (ӘҚБтК-нің 280-1, 284-баптары) салық төлеушінің ЭШФ төлемегені үшін 40 АЕК-ке (122 520 теңге) дейін, мерзімін бұза отырып ЭШФ жазып бергені үшін 20 АЕК-ке (61 260 теңге) дейін және бақылау – касса машинасының чегін бермегені үшін шағын кәспкерлік субъектілері үшін 30 АЕК-ке (91 890 теңге) дейін жауапкершілік көзделген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button