Мереке

Құрметті ақтөбеліктер!

Депутаттар мен облыстық мәслихат аппараты сіздерді астана күнімен шын жүректен құттықтайды!

Арқа төсінде жаңа Елорданы салу сынды орасан зор әрі ауқымды жобаны жүзеге асыру — мемлекетіміздің басты жетістіктерінің бірі. Бүгінде астанамыз халықаралық деңгейде саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени бағыттағы түрлі кездесулер өтетін Еуразия кіндігіндегі маңызды орталыққа айналды.

Нұр-Сұлтан қаласы — Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашаққа ұмтылған жасампаздығының символы.

Қазақи болмысымызды жалпақ жұртқа жария еткен ұлттық идеяның ұйытқысына айналған Елордамыздың ерекше архитектурасы мен кескін-келбеті туралы бұл қалаға бір рет барып көрген адам таңдай қағып, тамсана айтады.

Астана күні қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға амандық, денсаулық, жаңа табыстар тілейміз! Отанымыз гүлдене берсін!

А.НҰҒМАНОВ,

Ақтөбе облысы мәслихатының хатшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button