Жаңалықтар

Алты айдың жұмысы қорытындыланды

Брифинг

Кеше өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы, облыстық мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспектор Әсет Төребаев «Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің 2022 жылдың 6 айындағы қызметінің қорытындысы» тақырыбында брифинг өткізді.

Оның айтуынша, департамент осы жылдың І жартыжылдығында 28 тексеру іс-шарасын жүргізген, оның ішінде 17-сінен заңбұзушылықтар анықталған. Соның нәтижесінде бірқатар тұлғаға 6 825 365 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған.

— Бекітілген профилактикалық бақылау тізіміне сәйкес, биыл жыл басынан бері 13 профилактикалық бақылау жұмысы жүргізілді, оның ішінде 4-еуінен заңбұзушылықтар анықталды. Оларға бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді, сондай-ақ салыстырып, тексеруден өтпеген өлшем құралдарының 38-ін қолдануға тыйым салынды. Бүгінгі күні бұл бұзушылықтар толығымен жойылды.

Сондай-ақ биыл департамент «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен, Ақтөбе облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, мемлекеттік кірістер, экология және экономикалық тергеу департаменттерімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Осы меморандумдар аясында Ақтөбе облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді айналымға шығару фактілері бойынша 7 материал келіп түсті. Материалдарды қарау нәтижесінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді айналысқа шығарған кәсіпкерлік субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға  жалпы сомасы 5 577 195 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, сондай-ақ тамақ өнімдеріне (консервіленген ананас, шұжық өнімдері) қатысты сәйкестік туралы екі декларацияның күші жойылды, — деді ол.

Оның айтуынша, департамент биылғы жылдың 6 айында Ақтөбе қаласы Астана ауданының прокуратурасымен, сондай-ақ Ақтөбе гарнизонының әскери прокурорымен бірлесіп тексерулер жүргізген. Аталған тексерулердің нәтижесі бойынша өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптарын бұзған бір субъекті әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

  • 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында департамент тауар шығару саласында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері лицензиаттарының қызметіне мемлекеттік бақылау жүргізбеді. Бүгінде облыс аумағында Мемлекеттік рәміздердің лицензиаттары жоқ. Дегенмен департамент облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесіп жұмыс комиссиясының құрамында тұрақты негізде Мемлекеттік рәміздердің Қазақстан Республикасы стандарттарының талаптарына сәйкестігіне мониторинг жүргізіп отырады.

Биыл Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы аясында Мәртөк, Алға және Қарғалы аудандарындағы 66 мемлекеттік мекемеде Мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану бойынша ақпараттық-әдістемелік жұмыстар жүргізілді.

Сондай-ақ осы бағытта мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларына оқыту семинарлары ұйымдастырылды, — деді Әсет Төребаев.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button