Мәдениет

Сабантой мерекесі тойланды

Сенбі күні Ақтөбе қаласындағы А.С.Пушкин атындағы саябақта «Сабантой-2022» халықтық мерекесі өтті.

Шараның мақсаты — татар-башқұрттардың мәдениетін, салт-дәстүрлерін, ұлттық тағамдарын насихаттау.

Мерекелік шараға қатысқан Ақтөбе және Алға қаласының өнерпаздары татар ұлтының билерін билеп, татар, башқұрт халқының танымал әндерін шырқады. Сондай-ақ татар, башқұрт халқының ұлттық киімдері мен бұйымдарынан көрме ұйымдастырылып, тұрғындар ұлттық тағамдардан дәм татты.

Шарада башқұрт халқының ұлттық спорты — куряштан, сонымен қатар армрестлинг, гір көтеру, бағанаға көтерілу, арқан тартыс, т.б. спорт түрлерінен жарыс өтті. Одан бөлек, көзді жұмып ұзын таяқпен қыш құмыраны сындыру, жұмыртқаны қасықпен құлатпай апару, қапшықпен жүгіру ойындары да ұйымдастырылды.

  • Шара жоғары деңгейде өтті. Саябаққа жиналған тұрғындар жарыстарға қатысып, белсенділік танытты. Татар күресінен бас жүлде алған жеңімпазға қой, бағанаға өрмелелуден үздік деп танылған азаматқа әтеш, күрестен кіші топ жеңімпазына қоян сыйға тартылды. Одан бөлек түрлі спорттық жарыстарға қатысып, жүлдегер атанғандарға пеш, мультиқайнатқыш, ұялы телефон табыс етілді, — дейді шараны ұйымдастырушылардың бірі Нұржамал Мамутова.

                                                                                                         Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button