Жаңалықтар

Туған жерін түлеткен

Қайырымдылық

Ойыл ауданының дамуына өңірде туып-өскен азаматтардың қосқан үлесі орасан зор. Солардың бірі — ойылдық азамат «Анвар» ЖШС-ның бас директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Талғат Салфиков.

Өңірдің өркендеуіне көмек қолын созып жүрген жомарт жан бұл жолы аудан орталығындағы Жолмырзаев көшесіндегі №42 екі қабатты тұрғын үй иелерінің өтініштеріне құлақ асып, демеушілік көрсетті. Тұрғын үй шатыры қазіргі заманға сай құрылыс материалымен (бикрост) жабылып, жұмыстың сапасы тексерілді.

«Қайда жүрсе де туған өлкесін, туған халқын естен шығармай, таршылық көргендерге қол ұшын созуға асығып тұратын азамат Талғат Салфиковке, аудан әкімі Асқар Қазыбаев пен округ әкімі Сәндібек Дәулетқалиевке, осынау игілікті іске атсалысып, жөндеу жұмысын жасаған жандарға ризамыз. Қамқорлық танытқан жерлесімізге қайырымды ісі үшін барша тұрғындар атынан алғысымызды білдіре отырып, ел игілігі жолындағы еселі еңбегіне табыс тілейміз», — дейді тұрғындар атынан сөз алған Жанат Сағатова.

Г.АЛЕКСЕЕВА.

Ойыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button