Мереке

Медиадағы марапат

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнін «Ақтөбе Медиа» ЖШС ұжымы да жоғары деңгейде атап өтті. Медиада өткен салтанатты жиынға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева қатысты. 

Бұқаралық ақпарат құралдарыжақсылықтың жаршысы, халық пен билік арасындағы алтын көпір. Облыстағы  жаңа бастамалар, жарқын істер облыстық қос газеттің назарынан тыс қалған емес. «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы зор» деген алаш ардақтысы Міржақып Дулатовтың  сөзінен журналистердің қоғам өміріндегі орнын  біліп, тануға болады.

Сіздерге  жағымды жаңалықтарыңыз бен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін, — деді Ләззат Оразбаева.

Шара барысында «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин әріптестерді кәсіби мерекемен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Бұл күні баспасөз саласында жемісті еңбек етіп, халыққа ақпарат жеткізу бағытында аянбай еңбек етіп жүрген ұжымның барлық қызметкерлеріарнайы Алғыс хатпен марапатталды.

Салтанатты шараға салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының облыстық филиалының төрағасы Назира Табылдинова да қатысып, облыстық газеттің бірқатар журналисіне Алғыс хаттар мен ақшалай сыйақы табыстады.«Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысы бойынша филиал төрағасы Тұрақбай Сұлтанғалиев «Актюбинский вестник» газетінің жауапты хатшысы Серік Ахметов пен осы газеттің тілшісі Санат Қалиевке кәсіподақ атынан «Елеулі еңбегі үшін» медалін тапсырды.

Кәсіби мерекеде білім басқармасы, облыстық сот, Ақтөбе облысы бойынша кірістер департаменті, полиция департаменті, облыстық тарихи-өлкетану музейі,«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ақтөбе облыстық филиалы, «Қаз Транс Газ Аймақ» АҚ «Ақтөбе» магистралді газ құбырлары басқармасы филиалы, «Отбасы банктің» облыстық филиалының басшылары газет ұжымына, журналистеріне алғыс білдіріп, сый-сыяпат ұсынды.

Amanat партиясының өкілдері медиаға арнайы келіп, «Ақтөбе» газетінің бас редакторы Сәтжан Дәрібайға партияның атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың Алғыс хатын табыстады. Сонымен қатар партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ербол Данағұлов басылымның бірқатар тілшісіне Amanat партиясының стратегиялық бастамаларына ақпараттық қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button