Басты жаңалықтар

2 пайыздық ипотеканы қалай алуға болады?

Баспана

Дүйсенбі күні Отбасы банк арқылы жүргізілетін мемлекеттік «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтініштер қабылдана бастады. Өтініштерді қабылдау 19шілдеге дейін жүргізіледі.

«Керуен сити» СОО ғимаратында Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі,жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Отбасы банк» АҚ Ақтөбе филиалы мен екінші деңгейлі банктер өкілдерінің қатысуымен ақпараттық іс-шара өткен болатын. Бұл іс-шарада баспаналы болуға мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламалар, оған қатысу механизмдері туралы айтылып, жауапты тұлғалар азаматтардың тұрғын үй мәселелеріне қатысты сұрақтарына жауап берді.

«Бақытты отбасы»: 10 миллион

Елімізде баспаналы болуға мүмкіндік беретін бірнеше мемлекеттік бағдарлама бар.Төмен пайызбен несие де негізінен осы мемлекеттік бағдарламалар аясында беріледі. Мәселен, «Нұрлы жер», «Шаңырақ» бойынша пәтер алатын болсаңыз, несиені жылдық 5 пайызбен төлейсіз. Ал жылдық 2 пайызбен несие алып, қоныс тойын тойлағыңыз келсе, «Бақытты отбасы» бағдарламасын таңдауға болады. Алайда бұл бағдарламаларға тек белгілі бір санаттағы азаматтар ғана қатыса алады.

— «Бақытты отбасына» көпбалалы отбасылар,  мүмкіндігі шектеулі бала

тәрбиелеп отырған және толық емес отбасылар (ажырасқан уақыты 3 жылдан кем болмауы тиіс) қатыса алады. Сонымен бірге олар осы санаттар бойынша мемлекеттік пәтер кезегіне тұрған болуы және Отбасы банкінің салымшылары болуы керек, — дейдібанк филиалы өкілі Алина Қорғанбекова.

  • Өтініш беру үшін:

  • otbasybank.kz порталынакіру;

  • логин (телефон нөміріміз) жәнеқұпиясөзарқылыкіру;

  • «Банк бағдарламалары»бөліміндегі «Бақыттыотбасы»дегенді таңдап, «толығырақ»батырмасын басу;

  • «Өтінім беру»батырмасын басу, соданкейін«әріқарай»батырмасын басу;

  • Келісімдірастағаннанкейін«қолқойдым»батырмасын басу керек.

Банк өкілінің айтуынша, былтыр «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша негізінен толық емес отбасыларға көбірек басымдық берілген, биыл мүмкіндігі шектеулі балатәрбиелеп отырған отбасылар артықшылықтарға ие болады. Өткен жылы өтініш беріп, кезегі жетпей қалғандар резервте тұрады, олар биыл бірінші болып жеңілдікті пайдалануға құқы бар.

— «Бақытты отбасы» аясында біздің облыс тұрғындары бағасы 10 миллион теңгеге дейінгі үйлерді ала алады. Оны бастапқы нарықтан да, қайталама нарықтан да алуына болады, алайда, құрылысы енді жүргізіліп жатқан үйлерге үлескер бола алмайды, — дейді Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі басшысы Жандос Алимов.

Азаматтар аталған бағдарламаға қатысуға санаттары мен  кезекке қойылған жылына қарамастан өтініш бере алады. Өтініш банктің www.otbasybank.kz порталында онлайн түрде 20 маусым-19 шілде аралығында отыз күн қабылданады. Одан әрі жүйе автоматты түрде кезекке тіркелу өңірлері, кезекке тұрған күні мен санаттары  бойынша қатысушылардың негізгі және резервтік тізімдерін қалыптастырады.Әкімдіктің кезекке қою күні, кезекке тіркелген санаты және өтінім беру уақыты қатысушының негізгі тізімге ілігуінің айқындаушы факторы болады.

20 мамырда түске дейін 350 адам өтініш беріп үлгерді. 19 шілдеден кейін екі тізім тағайындалады. Олар — негізгі тізім (бағдарлама бойынша өткен және банкке төлем қабілеттілігін растауға шақырылатын қатысушылар) және резервтік тізім (егер негізгі тізімдегі қатысушы төлем қабілеттілігін растай алмайтын болса немесе қатысудан бас тартатын болса, резервтік тізімнен келесі қатысушылар кезек тәртібімен төлем қабілеттілігін растауға шақырылатын болады), — дейді  Отбасы банк филиалының өкілі Сәкен Сүлейманов.

Тұрғын үй сертификаты кімге беріледі?

«Бақытты отбасы», «Шаңырақ», «7-20-25» мемлекеттік бағдарламалары бойынша баспаналы болғысы келетін азаматтар жергілікті атқарушы билік тарапынан тұрғын үй сертификаттарын ала алады.Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Балерке Құрақбаеваның айтуынша, тұрғын үй сертификаттары көпбалалы, толық емес және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар санатындағы адамдарға, сонымен бірге денсаулық сақтау, білім беру,мәдениет, спорт салаларындағы қажеттілігі басым мамандарға беріледі.

Мәселен, «Бақытты отбасы» арқылы құны 10 миллион теңгенің үйін алғыңыз келді делік. Бағдарлама талаптары бойынша үй алғысы келетін адамның үй құнының 10 пайызына тең алғашқы салымы болуы керек. Яғни, 10 миллион теңгенің үйін алу үшін 1 миллион теңге алғашқы жарна болуы керек. Егер жоғарыда біз айтқан санаттағы адамдардың бастапқы жарнасы болмаса, тұрғын үй сертификатын ала алады. Тұрғын үй сертификатының құны — бастапқы жарнаның 90 пайызына тең, яғни, бұл жағдайда үміткер 900 мың теңге көлемінде сертификатқа ие болса, қалған 100 мың теңгесін өзі салуы керек. Жалпы, берілетін сертификаттың ең үлкен мөлшері — 1,5 миллион теңге, — дейді ол.

Тұрғын үй сертификатын алу үшін үміткер адымен екінші деңгейлі банктен несие берілетіні туралы мақұлдама алып, халыққа қызмет көрсету орталығына барып өтініш беруі керек.

— Тұрғын үй сертификатында қажетті сома көрсетіледі. Сертификаттың екі түрі бар: қайтарымсыз және қайтарымды. Қайтарымсыз сертификат, яғни, әлеуметтік көмек түрінде берілетін сертификатотбасының әрбір мүшесіне шаққанда айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспайтын соңғы 6 ай ішінде еңбек, кәсіпкерлік қызметтен орташа табысы болған жағдайда беріледі.Ал егер отбасы табысы осы көлемнен асып кетсе, қайтарымды, яғни, бюджеттік кредит түрінде беріледі, бұлсертификат жылдық 0,01 пайызбен 15 жыл мерзімге қарастырылған, — дейді ол.

Балерке Құрақбаеваның айтуынша, былтыр 355 отбасына жалпы сомасы 320 миллион теңге болатын осындай тұрғын үй сертификаттары берілген. Биыл да шамамен 300-дей адам сертификатқа ие болмақ.

Өткен жылдары мүмкіндігі шектеулі бала бағып отырған және көпбалалы отбасыларға көбірек берілді. Биыл біздің облысқа 300 миллион теңгедей қаражат бөлінді, — дейді ол.

2021 жыл — 851 баспана

Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі басшысы Жандос Алимовтің айтуынша, былтыр «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 851 ақтөбелік баспаналы болған.

—  Кезекте тұрған ақтөбеліктер Отбасы банк арқылы жалпы сомасы 4 миллиард теңгеден астам қаржыға 821 пәтер (35 мың шаршы метрден астам)  сатып алды. Оның ішінде 61 адам — «Салымшыларға несиелік тұрғын үй беру» бағдарламасы бойынша, 6 адам — «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша және 434 адам  «Шаңырақ» пилоттық бағдарламасы бойынша баспаналы болды. Сонымен бірге «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» арқылы кейін сатып алу құқы берілетін 30 пәтер жалға берілді, — дейді ол.

Сондай-ақ былтыр мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіруге азаматтардан 307 өтініш түскен, соның нәтижесінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан 269 тұрғын үй жекешелендірілген.

Санайғақ:

  • Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде 26 466 азамат есепте тұр.

  • Соның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері – 0; жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар — 1783; көп балалы отбасылар — 2705;

  • Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататындар — 11 147;

  • Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы лауазымдарды атқаратын адамдар — 10 712;

  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары — 119;

Кезекке қалай тұруға болады?

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекке тұру үшін құжаттарды kezekte.kz сайты арқылы онлайн тапсырасыз. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңба болуы шарт. Kezekte.kz сайтына кіріп, тіркеуден өтіп, барлық мәліметтерді жазып,электронды цифрлық қолтаңбамен қол қоясыз.

Кезекке қою туралы өтініш 15 жұмыс күні ішінде қаралады және өтініш берушінің ұялы телефонына1414 нөмірінен SMS-хабарлама жіберіледі.

Ақтөбе қаласында тұрғын үй кезегіне тұру үшін тұрақты тіркеуде болуы (тұруы) талап етіледі.Есепке қойған кезде және тұрғын үй берген кезде азаматтардың (соңғы бес жылдың ішінде) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында тұрғын үйi болмауы қажет.

Көп балалы аналар, көп балалы отбасылар және халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының  (жетім-балалар мен мүгедек балалардан басқасы) жиынтық орташа айлық кірісі өтініш жасау алдындағы соңғы 12 айда отбасының әрбір мүшесіне есептегенде ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен (2022  жылға көрсеткіші — 111 656 тг.) төмен болуға тиіс.

(Ескерту: еліміздегі тұрғын үй бағдарламалары туралы сұрақтарыңызды редакцияға «Оқырман» айдарына жолдауға болады).

 Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button