Мереке

Сатыбалды Сәуірбай — «Қазақстанның құрметті журналисі»

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында белгілі қалам иесі Сатыбалды Сәуірбайға «Қазақстанның құрметті журналисі» атағы берілді.

Қазақстан Журналистер одағының жоғары марапаты саналатын бұл атақты оған Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымының төрағасы, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин тапсырды.

Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін 1980 жылы бітірген Сатыбалды Қабашұлы баспасөздегі еңбек жолын облыстық «Ақтөбе» газетінде бастап, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі лауазымдарында қызмет атқарды.

Одан кейін ұзақ жыл республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі болған ол өңірдің күнделікті тыныс-тіршілігін,  жаңалықтарын қалың оқырманға жеткізіп, проблемалық мәселелерді ұдайы көтеріп отырды.

Бүгінде құрметті еңбек демалысындағы ардагер журналист өзіне көрсетілген құрметке шынайы алғысын білдірді.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button