Жаңалықтар

Несие тұзағы: психологтар не дейді?

Несие алған кезде ақшасізге тез және оңай келген сияқты болады. Сіз қалаған затыңызды —жаңа гаджет, автомобиль, жылжымайтын мүлік және басқа да заттарды оңай сатып ала аласыз. Сондықтан көп адам несиені жоспарды жүзеге асыру мүмкіндігі ретінде қарастырады.

Алайда несие міндеттерін орындауға жауапсыздықпен қараған кезде қарызалушы «қарызға бату», невроз ұшырауы және алдағы күнге қорқынышпен қарап, күйзелуі әбден мүмкін. Fingramota.kz бұл мәселені психология және коучинг саласындағы қазақстандық сарапшылармен бірге талқылайды.

Борышкерді не мазалайды?

Егерқандай да бірсебептерге байланысты несиенітөлеукестесібұзылса, қарызалушыны не мазалайды? Психологтардыңайтуынша, біріншікезекте ар-ождан мазалайды екен. Олмезгіл-мезгіл«өзінескетүсіреді». Екіншісі — қорқыныш. Сатыпалынғанзаттыжекеменшік ретінде қабылдағаннан кейін оны жоғалтып алудан қорқады. Психологтардың айтуынша, қорқыныштыңтағыбіркомпоненті — қолқойылғаншарттардыңбұзылуы. Қарызға батқан сайын қорқыныш та үдей түседі. Қызықты факт: сіз қарызды төлеуіңізкерек, бірақ мотивация жоқ. Жәнемотивация қалағаннәрсенісатып алғаннанкейіндереужоғалады екен.

«Адамның көңіл күйі қоғамдық пікірге байланысты. Сондықтан борышкер деген «таңба» әсіресе сезімтал адамдардың жүйкесін үнемі жұқартуы мүмкін», —  дейді бизнес-коуч Артем Мочалов.

Кейде борышкер ескі несиені өтеу үшін тағы да жаңа несие рәсімдейді. Ол не үшін осындай қадамға барады? Психологтардың пікірінше, осылайша адамдар алдында алған несиесінен құтылдым деп санайды екен. «Алдыңғы несие жабылды, демек, мен әрекет жасадым» деп ойлайды. Өкінішке қарай, бұл әрекеттердің барлығы ол адамның борыш жүктемесін одан әрі арттырады.

Борышкерлердің «несиеқұмарлар» деген тобы кездеседі. Қарыз алған кезде олар эйфорияны сезінеді, бірақ олар бұл жағдайдың өткінші екенін түсінбейді, осылайша қарызды төлеу мерзімі келгенде борышты бәрібір төлеу керектігін түсінеді.

«Несиеқұмарлар» депрессияға түспеу үшін жаңа несиелер ресімдейді, ал мұның арты не болатынын болжау қиын емес.

Адамдар несиеніне үшін рәсімдейді?

Несие алудың мотивациялық бөлігі:

  • Болашақтағы белгісіздіктен қорқуды жояды, өйткені ол жылдар мен нақты сомаларға бөлінген.
  • Маңыздылық сезімін арттырады (өмір құнды және ол басқа біреуге, мысалы, несие берушігеқажет).
  • Іс жүзінде тұрақтылық пен ай сайынғы белгілі бір табысқа міндеттейді.
  • Ажырасу процесін болдырмайды. Бірлескен борыш жұптардың бір-бірінің қасында болуды міндеттейді және, кейбір жұптардың пікірінше, оларды біріктіреді.

 Несиеніңжағымсыз жақтары:

  • Өз-өзіңмен күрес. Сатып алған зат қуаныш әкелмейді, керісінше,мазасыздық тудырады, өйткені сізге әлі ұзақ қарыз уақыт төлеуге тура келеді.
  • Жұмыстан немесе жұмыс істеу қабілетінен айырылу қорқынышы пайда болады.
  • Қиялдағы сән-салтанат пен байлықтың арқасында қарыз шырмауының туындауы.
  • Біраз уақыттан кейін «несиелік қажу» пайда болады, тіпті үрейдің өршуі мүмкін.

«Несиелер мен қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек туындаған жағдайда, қарыз алушы үнемі алаңдап жүретін болады —  жұмыс орнында, демалыс күндері, демалуға шыққанда да бұл сезімнен арыла алмайды. Ақырында бір күні осы алаңдаушылық сезімнен құтылу үшін зиянды әдеттерге әуес бола бастауы мүмкін немесе ауыра бастайды»,— дейді психолог Виктор Червяков.

Несиелік берешек салдары

Борыштық міндеттемелер адам психикасына айтарлықтай әсер етеді. Күтпеген борыштың туындауы, банкроттықтың алдында тұрған, сәтсіз құрылған бизнесті несиелеу — осының бәрі борышкердің мойнына жүктеледі. Ағза — өте күрделі механизм, оның ұзақ уақыт бойы қатты күйзеліс жағдайында болуы ұзаққа созылған депрессияға әкелуі мүмкін. Қарыз туралы ой үнемі ашуланшақтыққа және қорқыныш жағдайына алып келеді. Мұндай уайымнан жүрек талмасы,  бас ауыруы және қан қысымының жоғарылап не төмендеп кетуі мүмкін.

Мұндай жағдайларда психолог маманның көмегіне, кейде психотерапевтің көмегіне жүгінген жөн.

«Бұл жағдайда ең бастысы — сізге көмек керек екендігін түсіну. Мұндай жағдайға тап болған адамдар оларға басқа ешкім көмектесе алмайды деп есептейді немесе өз қажеттіліктерін мойындамайды. Алайда маманмен немесе достарымен арадағы қарапайым әңгімелесукүйзелген адамға қиын жағдайдан шығатын жол табуға көмектеседі», — деп есептейді психолог Шарапат Байбол. 

Несиені рәсімдеуге қалай дайындалған дұрыс?

Бірінші кезекте кез келген несие үлкен жауапкершілік екенін есте сақтау қажет! Оны алмас бұрын ол сізге расымен қажет пе, жоқ па, соны ойлаңыз. Оны рәсімдеу арқылы сіз несие беруші алдында белгілі бір қаржылық міндеттерді өз жауапкершілігіңізге аласыз. Жеке бюджетке қосымша жүктеме салудан бас тартқан жөн. Несие берушілердің қызықтыратын жарнамалары мен маркетингтік айлаларына алданбаңыз. Шарттары анағұрлым жақсы болмаса, ешқандай жағдайда «алдыңғы» несиені өтеу үшін жаңа несие алудың қажеті жоқ.

Барлық тәуекелдерді саралаңыз!

Мысалы, сіз жұмыссыз қалу немесе сырқат салдарынан уақытша еңбекке қабілетсіз болсаңыз, несиені уақтылы төлей аласыз ба,  т.б.

Борыш жүктемесінің коэффициенті туралы ұмытпаңыз. Қарыз бойынша ай сайынғы төлем сіздің ресми табысыңыздың жартысынан (50%) аспауға тиіс. Кредит бойынша ай сайынғы төлемді төлегеннен кейін сізде отбасының әрбір ересек мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің сомасынан және әрбір кәмелетке толмаған мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің жарты сомасынан кем болмайтындай қаражат қалуға тиіс. Егер кредитті өтеуіңізге бүкіл дерлік табысыңыз жұмсалатын болса, онда сіз қарызға батып кетпеу үшін несие туралы ұмытқаныңыз абзал.

Қарызды рәсімдеу алдында бірнеше қаржы ұйымдарының ұсыныстарын мұқият зерделеңіз.Бұл ретте сізге қарыз берудің алдын ала шарттарын қамтитын жадынама көмектеседі.Шарт жасасқанға дейін қарыздың негізгі шарттары туралы толық ақпарат бар ресми парағына ерекше назар аударыңыз.

Шартқа қол қоймас бұрын оның талаптарын мұқият оқып шығыңыз!Егер бір нәрсе түсініксіз болса, қаржы ұйымының менеджерінен сұраңыз.Шарттың талаптары бойынша, тараптардың құқықтары мен міндеттері туралы, оның ішінде мерзімі өткен жағдайда оның салдары туралы кез келген нақтылайтын сұрақтар қойыңыз.Мүмкіндік болса, заңгермен кеңесіңіз.

Егер сіз ұзақ мерзімді несиеден қорқу сезімін сезсеңіз, оның немен байланысты екенін анықтаңыз.Мүмкін, сіз жұмыс істейтін ұйымыңыз шығынға ұшырауы, штатты қысқарту жоспарлануы және т.б. себептерден сізде түпсаналық деңгейде ертеңгі күнге деген сенімсіздік сезімі артқан болар?.. Дәл осындай жағдайға «қаржылық қауіпсіздік жастықшасы» қарастырылған, яғни күтпеген жағдайларға ақша сақтау мүмкіндігі.

Қаржылық қолдаудың қосымша көздерін міндетті түрде қарастырыңыз: төтенше жағдай орын алса, сізді туыстарыңыз, достарыңыз немесе жұбайыңыз, зайыбыңыз қаржылай сақтандыра ала ма? Қосымша табыс көздерін қалай табуға болатындығын ойлаңыз.

Қаржы ұйымдарынан қарыз алған достарыңызбен, таныстарыңызбен сөйлесіңіз.Олармен сөйлескеннен кейін иллюзия ықтималдығы азаяды.

Сіздің несие туралы шешіміңіз, әсіресе ұзақ мерзімді, салмақты, ойластырылған және барыншашынайы болуы керек, тек осылайша орын алуы мүмкін несие тұзағына байланысты психологиялық ыңғайсыздықты азайтуға және қаржылық тәуелділіктен қорқу сезімін жоюға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button