Мереке

Офицерлер әулеті

23 маусым — Полиция күні

Еліміздің ішкі істер органында Қобландиндердің есімі жақсы таныс. Өйткені полиция қызметіндегі еңбек жолы атадан балаға, баладан немереге ауысып, жалғасып келеді.

Шалқарлық Қайтай Қобландин Ұлы Отан соғысының ардагері. 1925 жылы дүниеге келген ол 1943 жылы майданға аттанып, Жеңіс туы тігілгенше көптеген шайқасты бастан өткерді.

Қайтай Сапұлының соғыс біткеннен кейін де әскери өмірі аяқталған жоқ. 1949 жылға дейін  миномет полкінде болған. Ұлы Отан соғысы аяқталысымен небәрі  20 жастағы жауынгер бірден Жапон соғысына қатысады. Екі соғыстың көзін көрген, жеңіске жету жолында қайсар мінез бен табандылық көрсеткен  жас жауынгер «Қызыл жұлдыз» және «Батылдық үшін» медальдарымен марапатталған.

Соғыс бітіп, Шалқарға оралған ол отау құрып, 5 баланы өсіріп, тәрбиеледі. Бейбіт күндегі еңбек жолын Шалқар теміржолында бастайды. 1953 жылдан бастап   Шалқар станциясындағы желілік милиция бөлімінің миллиционері болып тағайындалады. ҚайтайҚобландин 1954-1957 жылдары  Шалқар станциясындағы желілік милиция бөлімінде қызмет жасап жүрген кездері теміржол бойының тәртібін қатаң бақылауға алады.Қиын да жауапты қызметті 1962 жылы тапсырып, құрметті зейнеткерлік демалысқа шыққан.

Ұлы Амандық әкежолын жалғап, 20 жылдан астам ішкі істер органдарында еңбек етті. Амандық Қобландин Батыс Қазақстанда көліктегіішкі істер басқармасында қатардағы штаб инспекторы болып әр санаттағы басшылықта жауапты қызметтерді адал атқарды. 2015 жылы көліктегі полиция департаментіне қарасты Ақтөбе станциясындағы ішкі істер желілік басқармасы бастығының орынбасары лауазымында полковник шенінде құрметті зейнеткерлік демалысқа шықты.

Бала кезімде әкемнің қызметтік киіміне қызығатынмын. Әкем өте ұқыпты, тазайынболды.Ол өзінің күнделікті өмір сүру дағдыларымен бізге отанға деген шексіз адалдықты, қоғамдық тәртіппен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында асқан жауапкершілікті сезіндірді, — дейдіотставкадағы полиция полковнигі.

Амандықтың ұлы Толқын Қобландин Ақтөбе қаласындағы №42 мектептің үздік түлегі. Ұлттық бірыңғай тестіден жоғары ұпай жинап, кез келген жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік алды. Бірақ Толқын басқа салаға бармай, атасы мен әкесінің жолын таңдады. Былтыр өзі қалаған ҚР ІІМ Алматы академиясын бітірді, қазіргі таңдаАқтөбе қаласындағы Қарғалы ауданық ішкі істер бөлімінде жұмыс істейді.

С.ЖҰБАНҒАЗИН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button